"Қолданбалы математика" пәні бойынша жаппай ашық онлайн курсы - 6В1131 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы мамандығы бойынша білім алатын білім алушыларға арналған.

Курс туралы:

"Қолданбалы математика" пәні базалық пәндер цикліне кіреді. «Қолданбалы математика»  инженерлік-техникалық зерттеулерде өте маңызды орын алады. Пәнді оқу математикалық интуицияны және логикалық ойлауды дамытады, сонымен қоса математикалық мәдениеттілікке баулиды.

Бұл курс математика ғылымының жалпы теориялық аспектілерінен құралады: «Көп айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулері», «Еселі интегралдар», «Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер», «Жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер», «Қатарлар теориясы» бөлімдерінің анықтамаларынан, формулаларынан, теоремаларынан және инжененерлік есептерді шешу болып табылады.

Курс авторлары:

Тулеутаева Жанар Мухатаевна – PhD докторы, «Жоғары математика» кафедрасының аға оқытушы;

Ахметов Кабиден Мукатаевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Жоғары математика» кафедрасының аға оқытушысы

Не үйренеміз: 

- негізгі математикалық анықтамалар мен ұғымдарды білу;

- математикалық ұғымдар мен олардың арасындағы байланысты және олардың айырмашылықтарын түсіну.

- ақпараттық процестердің математикалық үлгілерін талдауда аналитикалық әдістерді қолдану;

- қазіргі ақпараттық жүйелерді жобалау есептерін шешуде теориялық және қолданбалы зерттеулердің математикалық әдістерін қолдану.

Курс келесі модульдерден тұрады: 

«Көп айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулері»

«Еселі интегралдар»

«Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер»

«Жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер»

«Қатарлар теориясы»

Мақсатты аудитория

Жоғары оқу орындарының студенттері, бакалаврлар, магистранттар және математикаға қызығушылық танытқандар.

Оқыту нәтижесінде тыңдаушы:

- негізгі математикалық анықтамалар мен ұғымдарды білу;

- математикалық ұғымдар мен олардың арасындағы байланысты және олардың айырмашылықтарын түсіну.

- ақпараттық процестердің математикалық үлгілерін талдауда аналитикалық әдістерді қолдану;

- қазіргі ақпараттық жүйелерді жобалау есептерін шешуде теориялық және қолданбалы зерттеулердің математикалық әдістерін қолдану.

Пәнді оқыту нәтижелері:

1. Жалпы кәсіптік және арнайы білімдерге сүйене отырып, объектілер мен өндірістік процестерді талдай, жобалай алады;

2. Математикалық ұғымдарды түсіну және олардың арасындағы тәуелділік пен олардың айырмашылықтарын түсінеді;

3. Тасымалдауды ұйымдастыру саласында талдаудың аналитикалық әдістерін қолданады;

4. Тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы технологиялық параметрлерді есептеу үшін математикалық аппаратты жасай біледі;

5.  Жағдайдың математикалық моделін құру, оны талдау және түрлендіру, алынған нәтижелерді түсіндіреді;

6. Теориялық және қолданбалы зерттеудің математикалық әдістерін қолданады;

7. "Қолданбалы математика" курсының әртүрлі бөлімдерінен білімді интегралдайды.