Сіздердің назарларыңызға «Өнеркәсіптік көліктің арнайы түрлері» пәні бойынша оқу курсын оқып үйренуге және өнеркәсіптің әртүрлі салаларында өнеркәсіптік көліктің арнайы түрлерін жобалау мен пайдалануда мамандарға көмек көрсетуге бағытталған жалпыға ашық онлайн курсы ұсынылып отыр. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жүктерді тасымалдауға өсіп келе жатқан қажеттіліктері жағдайында көліктің үздіксіз және жаңа мамандандырылған түрлерін, әсіресе тау-кен және химия өнеркәсібінде және құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындарында одан әрі дамытуды жеделдету және кеңінен енгізу маңызды мәнге ие болады. Өнеркәсіптік көліктің арнайы түрлері пәні келесі негізгі бөлімдерді қамтиды -Көліктің арнайы түрлерінің негізгі түрлері мен жіктелуі және таспалы конвейердің жүйелері мен негізгі түрлері -Арнайы көлік түрлеріне қойылатын технико-экономикалық талаптар. Таспалы конвейерлер және тік еңісті конвейерлер -Қатпарлы, қырнауыш және аспалы конвейерлер -Гидравликалық, пневмоконтейнерлік және пневоматикалық көліктер -Ауа жасталған конвейерлер, конвейерлік пойыздар мен арқанды және монорельстi жолдар Өнеркәсіптік көліктің арнайы түрлері пәні "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арналған.
- Учитель: Самат Косбармаков