Курстың сипаттамасы

«Байыту фабрикаларын жобалау» пәні бейіндік пәндер цикліна кіреді.

 

Курсты оқыту мақсаты

«Байыту фабрикаларын жобалау» курсы технологиялық жобалауды ұйымдастыруды және байыту фабрикаларының құрылысын үйренеді. Курс келесі бөлімдерден тұрады: сұлбалар мен жабдықтарды таңдау, негіздеу және есептеу, жабдықтарды құрастыру кезінде білімді іс жүзінде қолдана білу; бас жоспарды қалыптастыру, шикізат, материалдар, энергия ресурстарын кешенді пайдалану. Курсты оқу студенттердің жабдықты жобалау және құрастыру қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

 

Курстың міндеттері

Курстың міндеттері мындай:

-        негізгі технологиялық байыту фабриканың жобалау принціпін білу;

-        жобалау-сметалық құжаттаманың құрылымы мен мазмұнын білу;

-        байыту фабрикасының жоба көлемі мен құрамын, концентрат сапасына қойылатын талаптарды.

-         

Курсты оқу нәтижелері

Осы курсты оқудың соңына қарай студент:

6.1 пайдалы қазбаларды өңдеудің технологиялық процесін әзірлейді;

6.1.1 түсті және сирек бағалы металдар концентраттарын және тау-кен-химиялық шикізаттарды алу технологиясын әзірлейді;

6.1.2 байыту өндірісінің негізгі жабдықтарының жұмыс істеу қабілетін бақылайды;

6.1.3 гравитациялық, флотациялық байыту схемаларын есептейді;

6.2 өңдеу цехының цехтарын жобалаудың технологиялық сызбаларын оқиды;

6.2.1 байыту процестерінің аппараттық дизайнын және жабдықталуын жүзеге асырады;

6.2.2 байыту процестерін бақылайды және реттейді.