«Электротехника және электроника» пәні базалық пәндер цикліне (таңдау компоненті) кіреді және студенттерді «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға бағытталған. Оқу процесінде (зертханалық жұмыстарды орындау кезінде) Electronics Workbench (EWB) бағдарламалық құралы қолданылады.
Осы пәнді оқу кезінде алынған білім келесі пәндерді игеру кезінде қолданылады «Станциялардың электрлік бөлігі», «Желдету және ауаны баптау жүйелері», және дипломдық жобалау үшін. Оқудан кейін студент тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету, энергетикалық аудиттерді жүргізудегі байланыс және қарым-қатынас мәселелері және сәйкессіздіктерді жою жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларының орындалуын бақылау және энергетикалық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық акт (НҚА) және нормативтік-техникалық құжаттама (НТҚ) бойынша есептеулер жүргізе алады.
- Teacher: Сауле Акумова