«Табиғатты пайдалану экономикасы» курсы бейінді пәндердің жоғары оқу орны компонентінің цикліне кіреді

ЖАОК мақсаты: Аталмыш ЖАОК студенттерге табиғатты ұтымды пайдаланудың әдістерін зерттеуді, қоршаған ортаның сауығуына және экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік туғызатын студенттердің бойында дәстүрлі емес ойлау бейнесін және табиғи ресурстарға ұқыпты қатынасты қалыптастыруды мақсат қояды. Негізгі бөлімдердің мазмұны: табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау туралы түсінік, экономикалық мәні. Табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі мәселелері мен міндеттері. Пән табиғатты пайдалануды ұйымдастыру мен басқарудың практикалық мәселелерін шешуге бағытталған.

Курстың міндеттері келесідей: 

- табиғат пайдаланудың экономикалық аспектілері, осы процесті басқару, табиғи ортаны қорғау туралы білім алу; 

- табиғи капиталды пайдалану, өндіру және қорғау саласындағы жоспарлау және болжау, мониторинг, есепке алу және бақылау жүйесімен танысу; 

- табиғи ресурстардың құндылығын, экологиялық төлемдердің мөлшерін, өндірістің экологиялық шығындарын, табиғат қорғау іс-шараларының тиімділігін анықтау туралы түсінік беру; 

- өндірістік әсерді экологиялық салдарлармен салыстыра отырып, ресурстарды пайдалану саласындағы проблемаларды кешенді шешу білігін қалыптастыру;

- табиғи ресурстарды үнемдеу, көбейту және ұтымды пайдалану процесіне саналы және белсенді қатысушының азаматтық ұстанымын қалыптастыру; – экологиялық ақпарат және экономикалық өңдеу тәсілдері туралы түсінік беру; 

- табиғат пайдаланатын кәсіпорындар қызметтер негізгі нәтижелі көрсеткіштердің талдау әдісі туралы түсінік беру; 

– табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және басқарудың практикалық мәселелерін меңгеруі үйрету.