«Техникалық жүйелерді модельдеудің интерактивті орталары» пәні
6В07102 "Кірістірілген цифрлық басқару жүйелері" білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған.
«Техникалық жүйелерді модельдеудің интерактивті орталары» пәні нақты бір кәсіптік қызыметке арнайы білімдерді, іскерлігін, дағдысын қалыптасыру мақсатын қояды.Пәннің міндеттері:
- физикалық жүйелерінің сипаттамалауын және талдау әдістері туралы; MatLab, МВТУ, Electronics Workbench қолданбалы бағдарламаларын қолдану аймақтарын және қолдануы туралы түсініке ие болу керек;
- өз кәсіпшілік қызметінде жаңа ақпараттық технологиялық мүмкіншіліктерін лайықты қолдану және анықтау мақсатын, пәндік аймақты зерттеп, автоматты есептерін тандауын; енгізу және байлыныс желілерін қамтамасыз ету және коммуникация жүйелерін, алдына қойған мақсаттарды арнайы аймақта зерттеулерін жүргізуін білуі керек;
- динамикалық жүйелерді имитациялық модельдеу үшін арнайы мамандандырылған қолданбалы пакеттерінде жұмыс істей алуы керек.
Осы пәнді оқығаннан кейін студент:
1) АБЖ және РЖ Кірістірілген цифрлық басқару жүйелері жүйелерінің жеке блоктары мен құрылғыларын жетілдіру бойынша жобалау-конструкторлық жұмыстарын орындайды:
- физикалық жүйелерінің сипаттамалауын және талдау әдістері туралы біледі;
- кірістірілген цифрлық басқару жүйелері жүйелері мен құралдарын есептеу және жобалау үшін бастапқы деректерді жинау мен талдауды жүзеге асырады;
- әртүрлі физикалық табиғат объектілері мен процестері үшін Кірістірілген цифрлық басқару жүйелері жүйелерінің жеке блоктары мен құрылғыларын әзірлейді;
2)АБЖ және РЖ заманауи бағдарламалық-аппараттық құралдар мен коммуникациялық және Smart технологияларды қолданады:
- MATLAB Simulink қолданбалы бағдарламалар пакеттерін Кірістірілген цифрлық басқару жүйелері жүйелері мен құралдарының жекелеген блоктарын есептеу және имитациялық модельдеу үшін қолданады.
- МВТУ қолданбалы бағдарламасында жұмыс істейді;
- Electronics Workbench қолданбалы бағдарламасында жұмыс істейді;
- синтездік және параметрлік оңтайлау процесін жүргізе асырады.

- Разработчик: Шынар Телбаева