«Жылу - масса алмасу»  пәні жоғары кәсіптік білім берудің базалық пәндерінің цикліне кіреді және 6B07108  «Жылу энергетикасы»    білім беру бағдарламасына таңдау компоненті ретінде оқу жұмыс жоспарына енгізіледі. 

«Жылу - масса алмасу» пәні жылу-энергетикалық және жылу-механикалық жабдықтардың сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында процестерді талдау үшін термодинамика әдістерін қолдану саласында мамандар даярлауды мақсат етеді.