Курстың сипаттамасы

 «Экономика негіздері» курсы негізгі экономикалық ұғымдар мен проблемаларды зерттейді. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: қоғамның экономикалық дамуының негізгі проблемалары; қазіргі заманғы нарықтық экономиканың қызмет ету механизмі; ұлттық экономиканың проблемалары; әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар.

 

 Курсты оқытудың мақсаты

Курсты оқу студенттердің қоғам дамуының экономикалық заңдылықтары және тиімді қызмет етуінің мәселелері туралы білім жүйесін қалыптастыруын мақсат  қояды.

 

Курстың міндеттері

Курстың міндеттері мынадай:

-экономикалық ойдың ұзақ эволюциясы барысында құрылған негізгі ұғымдарға ие болу және ресурстарды пайдалану тиімділігін зерттеу;

- қазіргі экономикадағы меншік және нарықтық тетіктің жұмыс істеу, өзін-өзі реттеу және экономикаға мемлекеттік ықпал ету қағидаттарын зерделеу әдістерін меңгеру;

- нарықтық тепе-теңдікті орнату, сұраныс пен ұсыныстың икемділігі және фирманың кірісі мен пайдасы, бизнес және кәсіпкерлік элементтерін талдау әдістерін меңгеру;

- негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, ЖҰӨ есептеу әдістері және жұмыссыздықтың түрлері мен деңгейлерін әзірлеу дағдыларын меңгеру;

- қоғамдағы табыстың біркелкі бөлінбеуі, Лоренц қисығы мен мемлекеттің ақша-несие саясаты, мемлекеттік қарыз және оны басқару мәселелерін ұйымдастыру бойынша білімдерін тереңдету;

- қазіргі әлемдегі мемлекеттердің халықаралық экономикалық ұйымдары мен интеграциялық бірлестіктері, халықаралық еңбек бөлінісі және шаруашылық мамандандыру мен елдің төлем балансы және оны реттеу мәселелерімен әдістерін қолдану.

 

Курсты оқу нәтижелері

Осы курсты оқудың соңына қарай студенттен күтіледі:

6.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметін талдауды, жоспарлауды және жүргізуді жүзеге асырады:

6.1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеуді жүзеге асырады;

6.1.2 Экономикадағы таңдау мәселесі және ресурстарды пайдалану тиімділігін тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін пайдаланады;

6.1.3 Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың мәні мен мақсаттары, нарық және оның функцияларының тиімділігін арттыру үшін басқару әдістерінің жүйесін қолданады;

6.2. Кәсіпорынның негізгі және айналым қаражатының жай-күйін талдайды, өндірістік қызметтің экономикалық тиімділігін есептейді;

6.2.1 Сұраныс пен ұсыныстың икемділігін әртүрлі деңгейлерінде есептеу әдістеріне тиімді талдау жүргізеді;

6.2.2 Шығындар мен фирманың кірісі мен пайдасын экономикалық және материалдық дайындауды жүзеге асырады;

6.3 Ұлттық және әлемдік экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі мен үрдістерін талдайды және бағалайды.

6.3.1 Макроэкономикалық көрсеткіштерді талдайды, бағалайды, салыстырады, жинақтайды, жіктейді, қорытынды жасайды және қолданады;

6.3.2 Жалпы мәселелер бойынша анықтамалық және аналитикалық құжаттарды құрастыру дағдылары әлемдік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерінің орындалуын бақылайды.