Тарихта саясат араласпаған сала жоқ, сол себепті қазіргі қоғам аса күрделі ұйым болып табылады. Бүгінгі таңда өзін саясаттан алшақ ұстайтын, саясатқа араласпайтын адамды табу қиын. Тіпті өзін саясатпен қатысы жоқ деп санайтын адамның өзі де саяси биліктің қабылдаған шешімі мен іс-әрекетіне бейжай қарай алмайды. Сондықтан да қазіргі кезеңде «егер қазіргі адам саясатпен айналыспайтын болса, саясат бәрібір де онымен айналысады» деген қағида аса өзекті болып отыр, ал саясат туралы білімді меңгеру адамға қоғамдағы өз орны мен атқаратын рөлін, қажеттілігін жете түсінуіне көмектеседі.
Саясаттану курсы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыруға арналған әлеуметтік-саяси білімдер модулінің құрамдас бөлігі бола отырып, кез келген білімді адамға саясаттың табиғаты, оның негізгі категориялары, заңдары мен заңдылықтары туралы, саяси мінез-құлық нормалары және саяси шындық пен саяси құндылықтар жайында қажетті ұғымдар береді. Бұл білімдер топтамасы саяси мәдениеттің қалыптасуына, саяси құбылыстың мән-мағынасын сыни және орынды бағалай отырып, саналы саяси таңдау жасай алуға, әсіресе өзгермелі әлеуметтік-саяси жағдайға тез бейімделіп, жылдам бағдар алып, өмірдегі мәселелерді шешуде белсенді әрі шығармашылықпен іс-әрекет жасай алатын саяси сауатты адамдарды тәрбиелеуге септігін тигізеді.


- Учитель: Ерлан Аубакиров