Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.
      Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе»; «әлеуметтік байланыс»; «әлеуметтік қатынас»; «әлеуметтік процесс»; «әлеуметтік тұлға»; «әлеуме әлеуметтікттік бірлік»; «әлеуметтік құрылым»; «әлеуметтік ұйым»; «әлеуметтік институт»; «әлеуметтік бақылау»; «әлеуметтік басқару»; « әлеуметтік ережелер»(бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус»,« әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т.б.
Осыған орай кейбір категорияларға жеке тоқталайық.
      Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол - «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.

Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушы қауым!

Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының, аға оқытушылары сіздерге әлеуметтану пәнінен 11 дәрісті оқуды жоспарлап отырмыз. Әлеуметтану бұл ерекше пән және бұл пәнді игеру үшін, әсіресе қашықтықтан оқыту жағдайында арнаулы кітаптармен танысу керек. Аталмыш курста Сіздер әлеуметтану теориясын, зерттеу әдістерін және жаһандану үдерісінің қоғамдық құрылымдарға әсерін. Олай болса құрметті тыңдаушылар курс Сіздерге сәтті болсын!