«Сметалық іс» пәні 6В04106 «Бағалау», 6В04103 «Есеп және аудит» және 6В04107 «Өнеркәсіптің экономикасы (инновациялық ББ)» мамандығы бойынша студенттердің базалық циклге кіретін таңдаулы пән болып табылады. Осы электрондық оқулық оқу жоспарына сәйкес жасалған.
Аталған пәнді меңгерудің мақсаты студенттерді құрылыс, жөндеу және қайта құру жұмыстарына сметалық құжаттарды АВС-4РС бағдарламасы көмегімен жасауды үйрету болып табылады.
Курстың негізгі міндеттері смета мәнін түсініп, АВС бағдарламасы көмегімен жеке, объектілік сметаларды құрып, жиынтық сметалық есепті жасауды үйрету болып табылады.
Аталған пәнді меңгерген соң студенттер мынаны білулері тиіс:
Келесілер жайлы түсінік алулары керек:
- жобалау мәні мен түрлері туралы;
- сметалық құжаттарды құру тәртібі туралы;
Білуі керек:
- АВС-4РС бағдарламасының жұмыс істеу тәртібін;
- сметалық құжаттардың түрлері мен смета құнын анықтау әдістерін;
Істей алуы керек:
- пәнді және курстың мақсатын білуге, құрылыс өнімдеріне баға құнын белгілеуді;
- сметалық құжаттың құрамы мен құрылымын, қосымша сметаларға құрылыс есептеулерін қосқанда, объектілік және жеке смета және сонымен қоса нормативті құжаттар негізін құрылыс сметасын анықтау үшін білу;
Практикалық дағдыларды иемденуі керек:
- өздігінен құрылыс және монтаждық жұмыстардың бағасын, құрал-жабдықтарды қолдану шығындарын және басқада шығындарды есептей алуы;
- АВС-4РС бағдарламасының көмегімен локальдік және объектілік смета, қосылған сметалық есептеулер және сметалық құжаттарды дұрыс пайдалану арқылы шығындар қосымшасын құрылыс өндірісінде тәжірибеде қолданудағы практикалық дағдыларды меңгеруге.

- Учитель: Кашамида Тажибекова