Пәннің сипаттамасы
«Физика 1» пәні базалық пәндер цикліне кіреді, математика және теориялық механика курстарымен бірге инженерлердің теориялық даярлығының негізін құрайды және кез келген бейіндегі жоғары техникалық университет түлектерінің инженерлік-техникалық қызметінің іргелі базасы рөлін атқарады
Пәнді оқытудың мақсаты
«Физика1» пәні әлемнің және ғылыми дүниетанымның қазіргі заманғы физикалық көрінісі туралы түсінікті, іргелі заңдарды, классикалық және қазіргі заманғы физика теорияларын, сондай-ақ кәсіби қызмет жүйесінің негізі ретінде физикалық зерттеу әдістерін пайдалану білімі мен іскерлігін қалыптастыруды мақсат етеді.
Пәннің міндеттері
Пәннің міндеттері мынадай:
Әртүрлі физикалық ұғымдардың, заңдардың, теориялардың қолданылу шекаралары туралы түсініктің болуы; зерттеудің эксперименттік немесе математикалық әдістерімен алынған нәтижелердің дәйектілік дәрежесін бағалау туралы;
Классикалық және қазіргі заманғы физиканың негізгі физикалық құбылыстары мен заңдарын білу; физикалық зерттеу әдістері; физиканың ғылым ретінде техниканың дамуына әсері; физиканың басқа ғылымдармен байланысы және мамандықтың ғылыми-техникалық проблемаларын шешудегі оның рөлі;
Физика 1 курсы 8 модульден тұрады. Оларға келесі бөлімдерден кіреді: механика, молекуларлық физика, термодинамика, электростатика, тұрақты ток. Курс кіретін: дәріс, практикалық сабақ, зертханалық жұмыс. Алған білімді тексеру үшін әрбір модуль үшін тест берільген және әрбір модуль үшін бақылау сұрақтары берільген. Осы тестерге және бақылау сұрақтарына жауап беріп отыру керек.
Физика сабағын өткізу кезінде сабақты өткізудің инновациялық әдістері қолданылады. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып оқытудың көрнекі әдісі, ол дәрістер мен практикалық жаттығулардың мазмұнын сөзсіз байытады. Сабақтардың көрнекілігі материалды барынша анық көрсетуге мүмкіндік береді, бұл ақпаратты жақсы түсінуге және игеруге ықпал етеді.Оқытуші оқыту үшін визуализацияның әртүрлі әдістерін, атап айтқанда слайдтарды, мультимедиялық презентацияларды, бейнероликтерді, интерактивті тақтаны, онлайн интерактивті тақталар, атап айтқанда idro-тақта.
Физика 1 курсты оқу нәтижелері:
Осы пәнді оқығаннан кейін студент физикалық процестерді түсіну арқылы өндірістік процесстерді ұйымдастырады деп күтіледі:
1 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін бақылайтын өндіріс салаларында қолданбалы есептерді шешуде физика заңдарын қолданады.
2 Қазіргі физикалық өлшеу құралдарын қолданады, онда өтетін физикалық процестердің мәнін түсінеді.
3 Берілген параметрлер бойынша өндірістік жабдықтың оңтайлы жұмыс режимін таңдайды.
4 Технологиялық жабдықтың, құрылғылардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, бұл ретте болып жатқан физикалық процестерді түсінеді.
5 Өндірістік циклде болып жатқан физикалық процестерді талдайды.
6 Физикалық және технологиялық процестерді модельдеу әдістерін таңдайды және қолданады.
7 Инженерлік міндеттерді шешу үшін теория мен тәжірибені ұштастырады.
8 Кәсіби қызмет міндеттерін шешу үшін іргелі физика, химия және физикалық аспаптарының заңдарын қолданады.
Курстың видеосын жерден көре аласыз
Видеоролик о курсе вы можете посмотреть

- Учитель: Айжан Салькеева