«Машина бөлшектері мен конструкциялау негіздері» пәні мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық (таңдау компоненті) цикліне енеді.

Пәннің мақсаты:«Машина бөлшектері мен конструкциялау негіздері» пәні жалпы техникалық және жалпы инженерлік дайындықтарын жинақтап іс жүзінде пайдалана білуге үйретеді. Ол математика, физика, теориялық механика, материалдар кедергісі, металдар технологиясы, өзара ауыстырымдылық пен стандарт негіздерімен тығыз байланысты және осы аталған пәндерден алған білімге сүйенеді.

Пәннің  міндеттері : 

- болашақ мамандардың техниканы толық меңгеріп, адамзатқа керек заттарды өндіретін машина мен бөлшектердің  жаңа үлгісін жасауға баулу;

- практикалық іс-әрекет процесінде инженерлік міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық оқытудың ажырамас бірлігі принципі негізінде машина бөлшектері туралы қажетті білім жинағын студенттерде қалыптастыру;

-  механизмдердің бөлшектері мен тораптарын жобалау және есептеу дағдыларын дамыту;

- машина бөлшектерін жобалаудың және пайдаланудың теориялық заңдары мен практикалық әдістері арасындағы өзара байланысты зерттеп, оқып үйрену;

- математикалық және жаратылыстану-ғылыми және кәсіби циклдардың базалық пәндерін оқу кезінде алған білімдерін белсенді тереңдету және кеңейту;

- механикалық берілістердің, біліктердің, мойынтіректердің және шпонкалық қосылыстардың жобалық және тексеру есебін жүргізу дағдыларын қалыптастыру;

- редуктордың негізгі элементтерінің конструкцияларын таңдау және бөлшектер мен олардың қосылыстарының геометриялық параметрлерінің дәлдігін нормалау мәселелерін меңгеру.