«Автоматика,телемеханика және байланыс» бейінді пәндер цикліне енеді, 6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасының таңдауы бойынша компоненті болып табылады.
Курсты оқытудың мақсаты
«Автоматика,телемеханика және байланыс» пәні темір жол көлігінде техника саласы бойынша өндірістік үрдістерді бақылау және оны басқаруды қамтамасызу етуіне байланысты теориялық және тәжірибелік білім алуды мақсат қояды.
Курстың міндеттері
Курстың міндеттері мынадай:
- автоматика және телемеханика жүйелерінде қолданатын негізгі қолданыста бар құрылғыларды оқып үйрену;
- автоматика және телемеханика асбаптарының элементтерінің жұмыс принципін меңгеру;
- мониторинг және техникалық диагностика жүйелерінің сұлбасын сызып үйрену;
-байланыс тармақтары мен жүйесінің жіктелуін қолданыс саласын анқытап білу.
Курсты оқу нәтижелері
Осы курсты оқудың соңына қарай студент:
1 АТС жүйелерінің жіктелуі мен мақсатын зерделеу.
2 Рельс тізбектерінің жіктелуі мен жұмыс принципін зерделеу.
3 Автоматты және жартылай автоматты блоктаудың жұмысын зерделеу.
4 Автоматты локомотив және өткел сигнализациясының жұмысын зерделеу.
5 Электрлік және диспетчерлік орталықтандыру жұмысын зерделеу.
6 Технологиялық процестерді автоматтандырудың дөңестік жүйелерінің жұмысын зерделеу.
7 АТС жүйесінің тиімділігін анықтаудың негізгі принциптерін зерделеу.
8 Қазіргі заманғы АТС құралдарын енгізу кезінде босатылатын локомотивтер мен вагондарды анықтау бойынша есептерді жүргізе алады, сондай-ақ алынатын экономикалық тиімділікті есептей алады.
9 Жолдар, бағыттамалар, бағдаршамдар, оқшаулағыш түйістер және т. б. бейнеленген станцияның бір тізбекті жоспарын жасай алады.

- Teacher: Самат Косбармаков