Him 1203 «Химия» пәні EN 03 «Жаратылыстану ғылымдары» модулінде 6B11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасында қолдануға болатын жалпыға ашық онлайн курсы.
«Химия» пәні «Базалық пәндер» цикліне кіреді және жоғары оқу орны компоненті болып табылады.
«Химия» пәні студенттердің қазіргі заманғы химиялық ғылымның жетістіктерін меңгеруі және кәсіби қызметте химиялық заңдарды қолдану тәсілдерін меңгеруі, зерттеу мақсатын қояды
Курстың міндеттері мынадай:
- химияның негізгі анықтамалары мен заңдарын түсіну;
- химиялық қосылыстардың жіктелуін, номенклатурасын және қасиеттерін игеру;
- атомның құрылымын және химиялық элементтердің жүйеленуін зерттеу;
- химиялық байланыстың қазіргі заманғы теорияларын тұжырымдау;;
- химиялық процестердің жалпы заңдылықтарын, термохимиялық заңдылықтарды, процестің ықтималдығының термодинамикалық шарттарын, әсер етуші массалар Заңын және оның әртүрлі химиялық процестерге қолданылуын зерттеу;
-ерітінділер, тотығу-тотықсыздану реакциялары және электрохимиялық процестер туралы негізгі бөлімдерді зерттеу.
Осы курсты оқудың соңына
қарай курс тыңдаушылары
1 жалпы кәсіптік және арнайы білім негізінде өндіріс объектілері мен үдерістерін талдау, жобалау;
2 химия ғылымының дамуына, жаратылыстану ғылымдары арасында химияның орны туралы бағдарланады;
3 химиялық құбылыстарды зерттеу әдістерінде бағдарланады;
4 жалпы химияның негізгі бөлімдерін біледі;
5 химиядағы нақты практикалық есептерді шешуде алған білімдерін қолданады;
6 зертханалық жұмыстарды орындау техникасын меңгерген;
7 химияда практикалық есептеулерді орындайды.

- Teacher: А.А. Жорабек