«Кесу теориясының негіздері және кескіш құрал-сайман» пәні студенттерге кесу құралдарын жобалау әдістерін және қолдануға қажетті білімді игеру, берілген технологиялық процеске кесу құралын білікті таңдай білу мақсатын алға қояды.

Пәннің міндеттері келесідей:

- кескіш құрал-саймандарды жобалау;

- құралдың геометриялық параметрлерін таңдау;

- өңдеу сипатына байланысты қажетті құралдарды таңдау.

Осы пәнді оқудың соңына қарай студент:

-Негізгі металл кесу құралдарының түрлерін, олардың геометриясын, конструктивті элементтерін біледі;

-Тетіктің технологиялық процесіне байланысты қажетті кесу құралын таңдайды, кесу бөлігінің материалын тағайындайды, конструктивті және геометриялық параметрлерді есептейді;  металл кесу құралдарының негізгі түрлерін, оларға қойылатын талаптарды, құрал материалдары, оның негізгі геометриялық және конструктивті элементтерін, есептеу және жобалау әдістерін, құралдарды тағайындау ерекшеліктерін, кесу қасиеттін қайта қалыпқа келтіре алады.