Курсты оқытудың мақсаты

«Кәсіби-бағытталған қазақ тілі» пәні студенттерге  мамандық бойынша ақпараттық-танымдық мәтіндер негізіндегі лексикалық және грамматикалық бірліктерді меңгерту, тілдік  дағдыларын жетілдіру  туралы мақсат қояды. Кәсіби мәселелерді шешуге арналған өзіндік когнитивті лингвомәдениеттану кешендерін меңгеру.

 

Курстың міндеттері

Курстың міндеттері келесідей:

-                   мамандық бойынша ақпараттық-танымдық мәтіндер негізіндегі лексикалық және грамматикалық бірліктерді меңгерту;

-                   студенттердің ауызша және жазбаша кәсіби салада сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтеру;

-                   мамандық туралы энциклопедиялық және зияткерлік-мәдени мәліметтердегі деректермен студенттердің білімін толықтыру;

-                   студенттердің диалогтық және монологтық сөйлеуін, ауызша және жазбаша түрде дамыту;

-                   мамандық бойынша ақпараттық материалдарды мазмұндаудың жазбаша формаларын дайындау (видеопрезентация және т.б.), кәсіби сипаттағы ауызша ақпаратты тыңдап, түсіне алу, оның мазмұнын бере алу және кәсіби сөйлеу тілінің түрлеріне мәтін құра білу.

 

Функционалдық мүмкіндіктер

 «Қазақ тілі Ортадан жоғары деңгей (В2) 2 семестр». Барлық мамандық студенттеріне арналған құрал бір-бірімен өзара байланысты құрылымдық элементтерден тұрады. Оқулықтың құрылымы мынадай

- басты бет; 

- оқулық жайлы; 

- Тыналым;

- Тақырып.Грамматика;

- Лексикалық мәтін; Тапсырмалар; 

- Бейне материал;

- Тест тапсырмасы

«Басты бетте» «Кәсіби бағытталған қазақ тілі «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы студенттеріне арналған» оқу құралының мұқабасы бейнеленген. «Оқулық жайлы» бөлімде пәннің сипаттамасы, мақсаты мен міндеттері туралы айтылған. «Тындалым» бөлімінде мәтінге қатысты аудиоматериал берілген. «Тақырып. Грамматика» бөлімінде студенттерге лексиканы және сөз тіркестерін меңгерту үшін тапсырмалар берілген. «Лексикалық мәтін.Тапсырмалар» бөлімінде студенттердің өзіндік жұмыс жасауына арналған тапсырмалар берілген. «Бейне материалдар» мен «Тест» бөлімінде мәтінге қатысты бейне материалдар мен грамматикаға байланысты тест тапсырмалары берілген. Студенттер оқу құралындағы мәтіндерді пайдаланып, тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін негізгі ақпараттарды алып, оларды баяндай, сипаттай және жинақтай ала білу дағдыларын қалыптастырады және дамытады.

 

Курсты оқу нәтижелері

Осы пәнді оқудың соңына қарай студент:

Қарым-қатынастың әлеуметтік, кәсіби және ғылыми салаларында өзінің вербалды және бейвербалды тәртібін қалыптастырады; әлеуметтік факторлар мен кәсіби сипаттағы жағдайларға барабар түрлі тілдік және сөйлеу құралдарын қолданады; лексикалық-терминологиялық жеткілікті және грамматикалық әдептілікке сүйене отырып, кәсіби коммуникативтік актінің сөзін дұрыс рәсімдейді; іскерлік, ақпараттық және кәсіби сипаттағы тиісті деңгейдегі хабарламаларды тыңдайды; мағыналық кәсіби коммуникация мақсатында жеке пікірлерді логикалық түрде құрастырады; кәсіби қызметтің коммуникациялық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттық көздерді талдайды; ресми, кәсіби сипаттағы хат жазу кезінде ой, пікір, ақпарат дәйекті түрде баяндайды;  коммуникация міндеттеріне, сөйлеу жағдайына, әріптестің басқа мәдениеттің өкілі ретіндегі жеке ерекшеліктеріне және қарым-қатынастың өту сипатына сәйкес сөйлеу қызметін жүзеге асырады.