«Өнеркәсіптік желдету» курсын оқытудың мақсаты білім алушыларды тау-кен кәсіпорындарының жер асты қазбаларында ауа алмасуының ғылыми негіздерімен таныстыру.

Бұл курс "Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекеті қауіпсіздігі"  білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды дайындау кезінде оқытылатын базалық пәндер цикліне кіреді, сонымен қатар өндірістік ғимараттарды желдету мәселелеріне қызығушылық танытқандарға пайдалы болады.

Осы курсты оқу нәтижесінде білім алушылар:

- жұмыс орындарындағы атмосфералық ауаның құрамы және ауа өткізгіштері мен желдету каналдары жүйесі бойынша қозғалыс кезіндегі оның өзгеруі туралы түсінік алады;

- желдету жүйелерінің жұмыс істеуінің теориялық және практикалық аспектілерін, желдету ағындарының аэромеханикасымен байланысты негізгі физикалық процестердің мәнін оқып біледі;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ауа ортасының жағдайын бақылау мен өлшеудің заманауи әдістері мен тәсілдерін қолдануды үйренеді;

- алған білімдері мен дағдыларын практикалық қызметте пайдалануды, өнеркәсіптік объектілерді желдету жүйесіндегі ықтимал өзгерістерді алдын ала болжауды, мақсаттар қоюды, міндеттерді тұжырымдауды және жұмыс орындарын таза ауаның талап етілетін мөлшерімен қамтамасыз ету бойынша дұрыс техникалық шешімдерді табуды үйренеді;

- тау-кен кәсіпорындарын желдету және газсыздандырудың ғылыми негіздерін, тау-кен қазбаларын желдету жүйесін оқып біледі.

«Өнеркәсіптік желдету» курсы онлайн форматта өтеді