«Математика І» онлайн курсына қош келдіңіздер!

Сіз, біздің курсымызға қосылғаныңызға қуаныштымыз.

Сізге сәттілік тілейміз!

"Математика І" пәні бойынша жаппай ашық онлайн курсы - 6В07204 – Металлургия, 6В07103 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, 6В07104– Машина жасау, 6В07111–Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), 6В07501–Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), 6B07105–Машина жасаудағы сандық технологиялар мамандықтары бойынша білім алатын  білім алушыларға арналған.

Курс туралы:

«Математика» пәні базалық пәндер цикліне кіреді. «Математика»  инженерлік-техникалық зерттеулерде өте маңызды орын алады. Пәнді оқу математикалық интуицияны және логикалық ойлауды дамытады, сонымен қоса математикалық мәдениеттілікке баулиды.

Бұл курс математика ғылымының жалпы теориялық аспектілерінен құралады: «Сызықтық алгебра», «Векторлық алгебра», «Жазықтықтағы және кеңістіктегі аналитикалық геометрия», «Анализге кіріспе», «Бір айнымалы функцияның  дифференциалдық есептеуі», «Бір айнымалы функцияның интегралдық есептеуі» бөлімдерінің анықтамаларынан, формулаларынан, теоремаларынан және инжененерлік есептерді шешу болып табылады.

 Курс авторлары:

Тулеутаева Жанар Мұқатайқызы – PhD докторы, «Жоғары математика» кафедрасының аға оқытушы;

Шаихова Гүлназира Серікқызы –техника ғылымдарының кандидаты, «Жоғары математика» кафедрасының доцент міндетін атқарушы;

Қасымова Ләйлә Жұмажанқызы – PhD докторы, «Жоғары математика» кафедрасының аға оқытушы.

 Не үйренеміз : 

- негізгі математикалық анықтамалар мен ұғымдарды білу;

- математикалық ұғымдар мен олардың арасындағы байланысты және олардың айырмашылықтарын түсіну.

- ақпараттық процестердің математикалық үлгілерін талдауда аналитикалық әдістерді қолдану;

- қазіргі ақпараттық жүйелерді жобалау есептерін шешуде теориялық және қолданбалы зерттеулердің математикалық әдістерін қолдану.

 Курс келесі модульдерден тұрады: 

«Сызықтық алгебра»

«Векторлық алгебра»

«Жазықтықтағы және кеңістіктегі аналитикалық геометрия»

«Анализге кіріспе»

«Бір айнымалы функцияның  дифференциалдық есептеуі»

«Бір айнымалы функцияның интегралдық есептеуі»

 Мақсатты аудитория

Жоғары оқу орындарының студенттері, бакалаврлар, магистранттар және математикаға қызығушылық танытқандар.

 Оқыту нәтижесінде тыңдаушы:

- негізгі математикалық анықтамалар мен ұғымдарды білу;

- математикалық ұғымдар мен олардың арасындағы байланысты және олардың айырмашылықтарын түсіну.

- ақпараттық процестердің математикалық үлгілерін талдауда аналитикалық әдістерді қолдану;

- қазіргі ақпараттық жүйелерді жобалау есептерін шешуде теориялық және қолданбалы зерттеулердің математикалық әдістерін қолдану.

 Пәнді оқыту нәтижелері:

1.   Жалпы кәсіптік және арнайы білімдерге сүйене отырып, объектілер мен өндірістік процестерді талдай, жобалай алады;

2.   Математикалық ұғымдарды түсіну және олардың арасындағы тәуелділік пен олардың айырмашылықтарын түсінеді;

3.   Машина жасау саласында талдаудың аналитикалық әдістерін қолданады;

4.   Машина жасау саласындағы технологиялық параметрлерді есептеу үшін математикалық аппаратты жасай біледі;

5.   Жағдайдың математикалық моделін құру, оны талдау және түрлендіру, алынған нәтижелерді түсіндіреді;

6.   Теориялық және қолданбалы зерттеудің математикалық әдістерін қолданады;

7.   Математика курсының әртүрлі бөлімдерінен білімді интегралдайды.