«Электр машиналары» курсын оқу мақсаттары: Курстың түпкі мақсаты – болашақ бакалавр алған студенттер теориялық біліміне сүйене отырып, қажетті электр машиналарын (генераторлар, қозғалтқыштар, трансформаторлар) дұрыс таңдай алатындай, өз жұмыс орнында оларды басқара алатын және техникалық қызмет көрсете алатындай білім беру.

    «Электр машиналары» курсының бөлімі ретінде сіз келесі бөлімдерді оқисыз: 

1. Магнит тізбектерінің заңдары;

2. Трансформатордың жұмыс істеу принципі, негізгі арақатынастары және орынбасу сұлбасы;

3. Үш фазалы тізбекте трансформаторлар;

4. Электр механикалық  энергияның түрлендіру принциптері;

5. Асинхронды машиналар;

6. Синхронды машиналар;

7. Тұрақты ток машиналар.

    Курс бөлімі бірнеше бейне дәрістерден тұрады, олардың әрқайсысында оның мақсаты, қысқаша мазмұны және қорытындылары көрсетіледі. Дәріс соңында білімді бекіту үшін өтілген материал бойынша сұрақтар мен тесттер ұсынылады.    

Бейнедәріс оның толық мәтінімен қоса беріледі, ал материалды тереңірек меңгеру үшін студент тізімдегі әдебиеттердің сәйкес тарауларымен жұмыс істеуі керек.      

Практикалық дағдыларды алу үшін электр машиналарында зертханалық жұмыс циклі ұсынылады.

Электрмашиналары пәнінен: видео лекциялар мен зертханалық жұмыстар көрсетіледі