Тематический план

  • Общее

    Пәннің сипаттамасы

    «C++ бағдарламалау» пәні базалық пәндер цикліне «Бағдарламалау және БҚ әзірлеу» модулінің құрамында таңдау компоненті ретінде кіреді.

    Пәнді оқытудың мақсаты

    «C++ бағдарламалау»  пәні С++ тілінде программалаудың негізгі әдістерін, тапсырмаларды алгоритмдеу негіздерін, деректер типтерін, деректер құрылымдарын, олардың спецификациясын және жүзеге асыруын, алгоритмдер мен деректер құрылымдарының өзара байланысын, С++ тілінде программалаудың ерекшеліктерін оқып үйренуді мақсат қояды.

    Пәнннің міндеттері

     Пәннің міндеттері келесідей:

    – бағдарламалау саласында жүйеленген білім мен дағдыны қалыптастыру;

    – C++ тілінде практикалық есептерді шешу алгоритмдерін құрастыру және енгізу дағдыларын дамыту;

    – құрылымдық бағдарламалау әдістерін, бағдарламаларды жобалау, жөндеу, тестілеу және құжаттау әдістерін оқу.

     Курсты оқу нәтижелері

    Осы пәнді оқығаннан кейін:

    1 АКТ аппараттық және бағдарламалық құрамдас бөліктерінің жұмысы кезінде компьютерлік жабдықпен, құралдармен және бағдарламалау құралдарымен бірге жүреді:

    2. стандарттарды, әдістерді, құралдарды, бағдарламалау тілін таңдайды;

    3. іргелі және қолданбалы білімді математикалық және алгоритмдік модельдерді құруда пайдаланады;

    4. С++ программалау тілінде бағдарламаларды әзірлей алады;

    5. Күрделі есептің шешімін қарапайым тапсырмалар тізбегіне бөледі;

    6. Бағдарламаларды әзірлеу кезінде стандартты кітапханаларды және С++ тілінің ендірілген мүмкіндіктерін пайдаланады;

    7. Бағдарламалық ортаның құралдары мен анықтамалық қызмет көмегімен бағдарламаларды жөндейді және сынақтан өткізеді;

    8. Жоғары сапалы бағдарламалық құжаттаманы әзірлейді.