Жалпы білім беру пәндер цикліне кіретін «Қазақ тілі В2 деңгейі» пәні бойынша курс.  1-семестрге арналған.  

Курстың тыңдаушысы арнаулы орта және жоғары оқу орындарының білім алушылары болып табылады.

 Ұсынылған курс  он бес тақырыпты қамтиды:

1. Атаның емес, адамның баласы бол. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді білу, меңгеру.

2. Отбасы ынтымақтастығы. Өтініш, тілек, сұрау мәнді сөйлем.

3. Қазақстандағы білім беру жүйесі. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар. 

4. Заман және заң. Субстантивтенген сөздерге ілік септігінің жалғануы.

5. Дені саудың – жаны сау. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді меңгеру.

6. Су – тіршілік көзі.  Салыстыру, күшейту мағынасының берілуі.   

7. Табиғатқа қатысты халық болжамдары. Мөлшерді, көлемді, болжауды білдіретін тіркестердің қолданысы.

8. Елімнің тарихи және мәдени мұралары. Атаулы сөйлемдер. Тілек, ниет мәнді сөйлемдердің берілуі. Біріккен сөздер.

9. Қандай көркем – туған өлкем. Күрделі атаулардың тәуелденуі, жіктелуі, септелуі.

10. Сәулет өнерінің шыңы. Көп мағыналы сөздер. Синонимдік қатар. Жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.

11.  Қолөнер – өшпес мұра, көркем әлем. Сын есімнің шырайлары. Құранды етістіктер.

12. Қазақтың уақыт өлшемдері. Мезгіл мәнді сөйлемнің берілуі.

13. Адам ақылымен көрікті. Сапалық және қатыстық сын есімдердің сөйлемдегі қызметі.

14. Талғам мен талап. Ілік септік жалғауының түсіріліп берілуі.

15. Ауыз әдебиеті – классикалық жанр. Бейнелеуіш еліктеуіштер.

 Бұл пәнді оқу үшін тыңдаушы «Қазақ тілінің В 1 деңгейі» пәнін меңгеруі тиіс.    

«Қазақ тілі В2 деңгейі» пәні пәнін оқытуда алынған білім «Кәсіби қазақ тілі» пәнін игеруде қолданылады.