6. Еңбек жүктемесінің сипаттамасы

6.1. Еңбек жүктемесінің физиологиялық және психологиялық жүктемелерін өлшеу және сараптама жасау

 

Еңбек жүктемесіне талдау (анализ) жасау не үшін қажет? Бұл сұрақ, адамның еңбек жүктемесі – адамның жеке өзіне байланысты болғандықтан туындап отыр.  Қандай да болмасын өзге, білімімізден тыс еңбек жүктемесіне қатысты сұрақтар пайда болғанда, оның шешімін мамандардан емес, жеке немесе басқа да адамдардың субьективті ойларына сенеміз. Оның себебі, адам факторлары жөніндегі мамандардың барын көпшілік біле бермейтінінде болуы мүмкін.

Еңбек өнімділігінің төмендеуі, атқарылып отырған жұмыстың немесе өнімінің сапасының жоқтығы, қателіктер мен бақытсыз жағдайлар – осылардың барлығы еңбек жүктемелерінің зерттеу жобаларында мамандардың көңілін аударады. Операторға қаншалықты жүктеме түссе, соншалықты оның жеке мінездемесі сәйкестігінің оптимальдығын қамтамасыз ету қажет. Бұл қателіктердің санын төмендетуге, еңбек өнімділігінің және тапсырманың орындалу дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сәйкес, мамандардың жұмыс, - яғни адам жүйесінің эргономикасын жасау кезінде, еңбекке сараптама жасау облысындағы білімдері не үшін қажет екендігін түсіндіреді.

Еңбек физиологиясы мен психологиясы – адамдардың жұмыс орнымен, технологиялық процеспен, құралдармен байланысын; адамдар организмінің функциясы мен құрылымын; жұмыс талаптары мен процестеріне, интенсивті жүктемелеріне бейімделуін зерттейтін ғылым болып саналады. Адамдар жүйесінің динамикасы – жұмыс «адам» және «жұмыс» жүйелеріне тәуелді болады деп түсіндіреді, және «адам» жүйесі -  нақты біліктілік мен еңбек жүктемелерінің деңгейімен сипатталса, «жұмыс» жүйесі – еңбек механизациясы мен рационализациясының деңгейімен сипатталады.

Адам жүйесінің барлық  белгілерінің негізі, жұмыс - энергия шығындау, ақпарат және материал алмасу процесі жүретін өнім өндіру мен қызмет көрсету сферасындағы функцияларды жүзеге асыру қызметі деп түсіндіріледі. Мұнда бізге «адамдарға» түсірілетін жүктеме негізге алынады (еңбек обьектісіне жүктеме – техникалық ғылымдар міндеті). Сондықтан, бізге нақты жағдайға байланысты оператор организмінің мүмкіндіктері жайында білу қажет. Еңбек жүктемесінің адамға әсерін қарастырумен ғана шектелмей, сол жүктеменің интенсивтілігі әр түрлі мамандықтағы жеке адамдар немесе жұмысшылар тобына сәйкес тапсырылғаны ескерілуі керек. Еңбек жүктемесі интенсивтілігінің дәлдігін, нағыз еңбек операциясын зерттеу нәтижесінен анықтайды. Бірақ мұндай болжам жұмысшы адамның даму факторларын шектейді. Осыған сәйкес, адамның табиғи қабілеттіліктерін ескеру керек.

Еңбек жүктемесінің деңгейі  өзгеріп отыратындығы да белгілі. Бұл өзгерістер уақытша сипатта (мысалы, әр күн, апта, ай, тіптен бүкіл өмір бойы белгіленетін талаптарға байланысты болады) немесе экологиялық сипатта(еңбектің зиянды, яғни талапқа сәйкессіздігімен байланысты) болуы мүмкін. Еңбек жүктемесінің нормасына сонымен қатар, ауыр дене еңбегін талап ететін    жаңа мамандықтардың пайда болуы мен өндірісте техника мен технологиялардың үздіксіз дамуы да әсер етеді. Осы айтылған өзгерістерге сәйкес, жұмыс жүктемесінің нормасын сандық анықтау мүмкін емес.   

    

6.2. Жұмыс жүктемесін анықтаудың практикалық әдістері

 

Жұмыс жүктемесінің физикалық сипаттамасын қол еңбегі операцияларында  қарастыруға болады.

Назарға тек дене мөлшерлері ғана емес, сонымен қатар қызметтік факторлар, сондай-ақ, үйлесімді бағыт сияқты қол қозғалыстары, үйлесімді нүктенің бұлшық ет күш қосымшалары және оның үйлесімді әрекет бағыты және, осы  төңіректегі бұлшық ет күшінің нәтижелі қолданылуы қарастырылған.

1-суретте жұмыс қалыпты ұйымның жұмыс орны мен жұмыс аймағында анықталған нүктеде қозғалысын бастағандағы қол қозғалыстарының қандай бағыттарының ең ыңғайлылығы көрсетілген, Пунктир сызықтар иық буын орталығынан  айнала қозғалысын  сипаттайды. Онда қолдық операциялар кезіндегі жұмыс аймағы сызылған. Мысалы, сіздер қол қозғалысын бұл аймақта айқын нүктеден бастауды қалайсыздар. Шеңбермен пайдаланып көрсеңіздер, көрсетілген нүкте қайсы орталық орында болады. Егер сайып келгенде шеңбер айналдыруда, оның қараңғы секторы қақтығысып қалуы үшін осы жаппай сызықтардан жылдам оңды солды қол қозғалысымен жұмыс орындалса, қайсысымен тап осы шеңбер қара сектор биссектрисасы жақынырақ екендігіне көз жеткізуге болады. Өткізілген радиустер және қара секторлы шеңбердің дәрежелеріндегі сызықтардан қолдың жылдам қозғалысын қамтамасыз ету үшін ең қолайлы шарттарды табуға болады.

1-суретте қолдың жылдам қозғалысын қамтамасыз ету үшін ең қолайлы шарттарды анықтау мақсатында жүргізілген көптеген сынақтардың нәтижесі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Жұмыс қалыпты ұйымның жұмыс орны мен жұмыс аймағында анықталған нүктеде қозғалысын бастағандағы қол қозғалыстарының  қандай  бағыттарының ең  ыңғайлылығы көрсетілген.

 

2–суретте белгіленген бағытта әсер ететін бұлшықет күшінің қолайлы нүктелері келтірілген. Барлық нүктелер изодиндермен, яғни әрқайсысы саусақтың сыртқы жағына қарай бағытталған қолдың көлденең қозғалысы кезінде дамитын, бұлшықет күшінің тұрақты көлеміне сәйкес келетін қисық сызықтар тұрғызылған. Осы 4 диаграмманың ішінен көріп отырғанымыздай, операторға саусағы денесінің симметрия кеңістігінде орналасқан кезінде күш түседі. ( в = 0є ). Осы көрсетілген кеңістікте саусақтың орналасуында азғантай өзгеріс пайда болған кездің өзінде өсіп келе жатқан күште ең үлкен айырмашылық байқалады.

 

 

 

 

2-сурет. Бұлшықет күшінің қолайлы нүктелері.

 

3 – суретте максималды өсіп келе жатқан бұлшықет күшінің (тік қозғалыста) жүктің орналасу биіктігіне тәуелділігі көрсетілген.

Бұл диаграммадан шығатын қорытынды – жүкті тік төмен созылған қос қолмен ұстағанда максималды бұлшықет күші қажет болады. Графиктегі екінші күштену шыңы – кеуде буындары деңгейінде қолдың көлденең кеңістікте орналасуына сәйкес келеді. Күштенудің минимумы – жүкті ұстап тұрған саусақтар тізе және табан буындары деңгейінде өтетін көлденең  кеңістікте орналасқанда байқалады.

1 – 3 – суреттерде келтірілген қарапайым үлгілер тіпті физикалық жұмыстық күштің өзін адамның физикалық және ақыл – ой қабілеттерін ескере отырып бағалау керектігін көрсетеді. Сонда да, еркін таңдалған көрсеткіштер шектеліп қолданылуы керек және олар аса қатаң физиологиялық және психологиялық критерийлерге негізделуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет. Максималды өсіп келе жатқан бұлшықет күші. Оның жүктің орналасу биіктігіне тәуелділігі.

 

Адам атқаратын типтік қозғалыстарды реттеу деңгейлері туралы теорияға сәйкес адам ағзасындағы проприоцептивті бақыланатын немесе ассоциативті бақыланатын қозғалыстар классификациялануы керек. «Проприоцептивті» және «ассоциативті» ұғымдары эргономика мен еңбек физиологиясында қабылданған терминологияға сәйкес «басым бұлшық ет күші» және «басым сенсомоторлы жұмыс» терминдерімен салыстырылады. Осыған сәйкес, көрсетілген ұғымдарды типтік қозғалысты жиынтықтау терминімен қатар қоюға болады. Мысалы, «қолды созу» секілді типтік қозғалыс жұмыстық бұлшық ет күштенуіне, ал «ұстау» - сенсомоторлыға сәйкес келеді.

Ақыл – ойлық күштенуді қарастырған кезде адамның мүмкіндіктеріне тәуелді аналогты шеттетулер кездеседі. Жұмыста ақыл – ойлық күштенуді сипаттау үшін күштену шамасы нормативті параметр ретінде, жұмысқа қабілеттілік – эмпирикалық параметр ретінде, ал ағзаның күштенуі – физиологиялық параметр ретінде қарастырылады. Автор ақыл – ойлық күштенуді анықтауға қажетті екі эмпирикалық сілтемелер жөнінде де болжамдар ұсынады. Мүмкін, жұмыстық күштену көрсеткіші ретінде қозғалыстағы қателіктердің есебі мен адамның реакциясының жасырын кезеңінің ұзақтығы сәйкес келер еді. Егер қателіктер саны немесе реакцияның жасырын кезеңінің ұзақтығы өссе, онда оператор үшін сәйкесінше тапсырмалар қиындай түседі. Мұны белгілі бір мөлшерде априорлы теориядан күтуге болар еді. Мысалы, ақпарат теориясы да, белгіні табу теориясы да көрсетілген тәуелділікке алып келуі мүмкін еді. Бірақ, эмпирикалық тұрғыдан адамның жағдайды түсіну жағынан тапсырманы орындаудың дәлдігі мен жылдамдығы арасындағы компромиске жету қабілетімен бұл жағдай қиындай түседі. Басқаша айтқанда, негізгі мәселе – адамның тапсырманы орындау кезінде қолдануы керек себеп – салдарлық байланысты қалай елестететіндігі, өз қызметінің нәтижесіне қалай қарайтындығы, т.с.с. Бірақ, операторлық күштену қателік пен жасырын реакция кезеңі өзара жайлы әсер етуі кезінде шүбәсіз өтеді. Әрекеттің нәтижесіне келер болсақ, оны шекті шарттардың бірі ретінде есептеуге болады. Сондықтан, жұмысқа қабілеттілікті дәлірек болжау үшін бұл шартты қандай да болсын жолмен белгілеу керек. Екінші сілтеме, сәйкесінше, ағзаның күштену концепциясына байланысты. Берілген термин оператордың қабілеттілігі мен объективті сезімдерімен байланысты. Бірақ та шынайы өмірде жеңіл жұмыстар операторда күштену сезімін тудырады деген сенім жоқ, тек егер олар қауіптілікпен байланысты болмаса. Дегенмен, Морейдің қойған бір сауалына жауап беру керек: себеп – салдарлық байланыстың бағытталғандығы туралы сұрақ, мысалы, физиологиялық жай – күй, ағзаның күштенуі мен оның жұмысқа қабілеттілігі ара – қатынасы. Осы жерде бізде сұрақ туындайды: күштену адамның физиологиялығы, егер ағзаны қоздырудың тиімді деңгейі бар болса, ол қандай, мәні неде?

Шынайы ақпарат берудің орташа жылдамдығы ағзаның қозу деңгейінің толқын тәріздес формасына тәуелді ме? Әлде тәуелділіктің осындай формасы адам сезінетін күштену сезіміне ғана тән бе?