5. Еңбектің технологиялық сипаттамасы
5.1. Еңбек үрдістеріндегі жұмыс орны
Еңбек ғылымының құрылуы эмпирикалық ақпараттар негізінде, және экономикалық теория, математика, статистика, адам физиологиясы мен психологиясы, саясаттану, құқық, өндірісті ұйымдастыру мен технологиясын зерттеу жетістігі нәтижесінде жүзеге асырылды. 70-жылдары этикалық аспектінің күшеюін айтуға болады. Физикалық еңбектің даму әдістеріне көп көңіл бөлінді, олардың еңбек тіршілігінде шығармашылық қабілеттіліктерін таныту жұмысы қолға алынды.
Жұмыс – белгілі табысқа жету мақсатындағы, сыйақы берілетін адам қызметі жұмысты болу немесе болмау, ол адамның статустық сипатына әсер етеді.
Жұмыс орны – өндірістік іс-әрекетті орындауды ұйымдастыру қызметіне арналған жұмыс кеңістігінің бөлігі.
Жұмыс қалпы. Қызу жұмысты бағалауда жұмыс қалпы үлкен рол атқарады. Қалыпты жұмыс қалпы деп жұмысшы үшін 10-15 градустан жоғары емес еңкею мен бұлшық етке түсетін ең төменгі салмақпен есептелінеді.
Жұмыс қалпы. «Жұмыс позасы» термині жұмыс операцияларын орындау кезіндегі дене бөлімдерінің ең жиі және көп таңдалатын өзара орналасуын білдіреді. Осы немесе басқа позаны сақтау - күйі, ең алдымен тонустың, сустав бұрыштарының шамасымен сипатталатын жүйке – бұлшықет жүйесінің белсенді араласуы кезінде жүреді. Орындалуында моторлы компоненттер үстемдік құратын және белгіленген жұмыс позасын ұзақ ұстап тұру талап етілетін еңбек қызметінің алгоритмдерін жобалау процесі барысында оңтайлы жұмыс позасын жобалау мен оны ұстап тұру шарттарына ерекше назар аудару керек. Бұл ретте, ең зиянды жағдай тұрған қалыптың өзі емес, адамның ол қалыпта қанша уақыт тұрғандығы екенін естен шығармау керек. Моторлы кеңістік шегінде қол мен аяқ үшін қол жетімділік өлшемін есептеу кезінде оңтайлы жұмыс позасы (2-кесте) алғашқы сәт қызметін атқаруы тиіс.
5.2. Жұмыс қалыптарын таңдау критерийлері
Дененің тұру қалпы ең алдымен жұмыс орнының кеңістіктік құрамына әсер етеді. Басқару органдарына түсірілген күштің шамасы, бақылау параметрлері, ең алдымен, жұмысшы денесінің тұру қалпымен анықталады. Тұрып тұрған және отырған қалып адамның жатқан қалпына қарағанда кең таралған. Әрбір қалып тепе – теңдіктің белгілі бір шарттарымен, бұлшықеттердің күштену дәрежесімен, қан айналу және тыныс алу жүйелерінің жағдайымен, энергия шығынымен, т.б. сипатталады. Осылайша, адамның тұрған қалпы тепе – теңдіктің тұрақсыздығымен сипатталады, бірақ бұл қалыпта кеуде жасушасы мен омыртқа жотасына, көру мен қозғалу үшін қолайлы жағдай туындайды. Дегенмен, басқа қалыптарға қарағанда ол тез шаршатады, өйткені дененің тепе – теңдігін ұстап тұру үшін айтарлықтай бұлшықет жұмысы қажет болады. Сол себепті, тұрған қалыпта белгіленген позалардан аулақ болу керек және демалу үшін отырып үзіліс жасау ұсынылады.
Жұмыс қалыптарын таңдау критерийлері
1-кесте
Жұмыс қалпы |
Күштену шамасы, Н |
Жұмысшының орын ауыстыру дәрежесі |
Қолдың қозғалыс бағыты |
Қол жетімділік зонасының есеп базасы |
Жұмыс зонасының шамасы, мм |
Отырған |
30 – ға дейін |
Шектелген |
Алға – артқа
Оңға – солға |
Орындықтың артқы шегіне параллель фрон-таль жазықтық
Орындықтың симметрия жазықтығы |
600 – ден көп емес
500 – ден көп емес |
Ауыспалы |
30 - 100 |
Кәдімгі |
Алға – артқа
Оңға – солға |
Орындықтың артқы шегіне параллель фронталь жазықтық
Орындықтың симметрия жазықтығы |
600 – ден көп емес
750 – ден көп емес |
Тұрған |
100 – 150 |
Жоғары |
Алға – артқа
Оңға – солға |
Қондырғының алдыңғы шегіне параллель фронталь жазықтық
Дененің орташа жазықтығы |
300 – ден аса
1000 |
Тұрған қалыпқа қарағанда отырған қалыптың бірнеше артықшылықтары бар: отырған қалыпта төменгі шектер мен қан айналу жүйелеріне түсетін бұлшықет күші азаяды, соның арқасында адам ағзасының энергия шығыны 10 – 20 % - ға төмендейді. Бірақ, отырған қалыпта ұзақ жұмыс істеу потологиялық құбылыстарға (радикулит,т.б. ) себепкер болады, қол жетімділік зонасын, қозғалысты қысқартады, күштік қабілеттіліктерді азайтады. Отырған қалыпта қолайлы жұмыс позасын таңдау (орындықтың қолайлы формасы арқылы) арқылы бұл жағдайлардың алдын алуға болады.
Жатқан қалып арнайы жағдайларда ғана рұқсат етіледі, себебі ол адамның 0оз5алыс қызметін тез шектейді, моторлы координацияны нашарлатады және бақылау зонасын азайтады. Жатқан қалыпта жұмыс жасау бас пен қолды ұстау кезіндегі мойын бұлшықеттері мен кеуде 0уысыны4 күштенуімен байланысты шаршататын статикалық жұмыспен қатар жүреді . Жатқан қалыпта істелінетін жұмыс үшін статикалық күштенуді азайтатын арнайы құрылғылар (басқа арналған тіректер, т.б.) қарастырылуы керек. Бірақ, өндірістің кейбір түрлерінде тұрып істейтін жұмыс, ол үлкен кеңістіктегі қозғалысты және еңбек үрдісі жағдайында қозғалысты бағдарлауды қажет етеді.
![]() |
|||
![]() |
![]() |
а) тұрақты б) тұрақты в) тұрақсыз г) тұрақсыз
тұрғанда; отырғанда;
тұрғанда отырғанда
1- сурет. Дененің тұру қалпын биологиялық талдау схемасы:
а, в - тұрғанда; б, г - отырғанда
Жұмыс орнындағы міндетті жұмысты атқару кезіндегі түсетін күшті негізгі үш типпен қарастырамыз:
1) талдағыштар қызметіне жүктеме түсуі.
Сигналдар күші әр түрлі деңгейде болғандықтан, пайда болу күшіне қарай жіктеледі:
а) әлсіз – жұмыс табалдырығынан төмен;
б) қалыпты – жұмыс табалдырығы интервалы шекарасында;
в) тітіркендіруші – жұмыс табалдырығынан жоғары. Басқа жағынан алып қарағанда әр талдағышқа түсетін күштің қалыпты көрсеткіштері әр түрлі. Мысалы көру жұмыстарының 6 разряды жарық түсу дәлдіктерімен сипатталса, есту талдағышы дыбыстың естілу күшімен, шекті нормасымен сипатталады.
2) эмоционалды жүктеме түсу – қазіргі өндірісте еңбек іс-әрекетінің табысты болуының негізгі факторы болып табылады. Эмоционалды күш түсуді өндірістік критерилермен бағалауға болады, себебі еңбектің жағымсыз көздері эмоционалдық жағдай туғызады. Мұндай критерилерге уақытша (жеке графикті жұмыс немесе уақыт жетпейтін жұмыс) және мотивациялық факторлар( авариялық жағдайлар, қауіпсіздікке жауапкершілік) жатады.
3) интеллектуальды жүктеме түсу – интеллектуальды күш түсуді көлемімен категорияларға жіктеуге болмайды. Оны творчествалық іс-әрекеттерде, жұмыс сияқты әр түрлі күрделі өңдеулерде, жұмыспен қатысты оңды шешуді қарастыруда оның деңгейін анықтауға болады.
5.3. Жұмыс көздері, еңбек қалыптары мен жұмыстық қозғалыстар формалары
Жұмыстың жағымды көздері:
1.Өмір сүру әдісі – мұнда мекеменің жұмысшыға беретін еңбекақысы, дотациясы жатқызылады; өзін-өзі көтеру мүмкіндігі, ойларын іске асыру құбылысы.
2. Белгілі бір статуста болу – қызметтік деңгейінің өсуі, жоғарғы сатыға көшу, және т.б.
3. Жаңа білім, тәжірибе алу мүмкіндігі – белгілі бір мамандық бойынша тәжірибе жинақтау.
4. Белгілі бір топта үлесті болу – белгілі бір топта оның бір бөлігі ретінде сезіну.
5. Жаңа қарым-қатынас ортасын табу – жаңа таныстар мен жаңа қарым-қатынас ортасын табу.
Жұмыстың жағымсыз көздері:
1. Шаршау – белгіленген жұмыс күніндегі тұрақты белсенділік. Соның нәтижесіндегі физикалық және моральдық шаршау.
2. Денсаулық үшін зияндылығы – жұмыс ортасы факторының адам организміне әсері.
3. Уақыт шығыны – еңбек тапсырмаларын орындауға уақытша ресурстарды шығындау
4. Стресс – жұмыс орнындағы жағымсыз факторлардың әсері.
5.Қанағатсыздық - әр түрлі себептерге байланысты өз ойын іске асыра алмау.
6. Жұмыс деңгейін жоғарылату мүмкінсіздігі – белгілі бір себептерге байланысты жұмыстың шектеулігі.
7.Жағымсыз ұжым – жұмысшылардың арасындағы қызығушылықтарының сәйкессіздігі.
Жұмыссыздық мағынасы белгілі бір уақыт кезеңінде жұмыстың жоқтығы- мен түсіндіріледі. Көп уақыт жұмыссыз болу адамның моральдық және физикалық күйіне әсер етеді.
Еңбектің әр түрі жалпы қасиеттерімен қатар, өз ерекшеліктеріне де ие. Бұрыннан белгілі, еңбекті шартты түрде екіге бөледі: физикалық және ақыл-ой еңбегі.
Организмге қойылатын физиологиялық талаптар мен негізгі сипаттарына қарай келесі еңбек қалыптары қарастырылады:
Физикалық еңбек, үлкен энерго шығындармен байланысты, бұлшық ет белсенділігін қажет етеді. Оған жүкші, тас қалаушы, ұста және басқа мамандықтар жатады.
Механикаландырылған еңбек қалыптары, әр түрлі станоктар мен машиналарында қызмет атқаруымен байланысты, мысалы, ағаш ұстасы.
Автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған еңбек реттеуші, штампылаушы, тоқымашының жұмстары. Кейбір жағдайларда аз емес энергошығындарды қажет етеді, мысалы, үлкен аумақта орналасқан станоктарда жұмыс істегенде.
Конвейерлі немесе топтасып еңбек ету өнімді өңдеу кезінде бір орыннан екінші орынға ауыстыруымен байланысты.
Зерделі еңбек қалыптары: а) материалды өндіріс сферасындағы мамандықтар инженерлер, шеберлер, бухгалтерлер және т.б. Бұл топта алыстан басқарумен байланысты операторлар мамандығын еркшелеген жөн, қалбырт жағдайда аз уақыт ішінде жылдам шешімді қабылдауды қажет ететін жауапты жұмыс; б) материалды өндірістен тыс мамандықтан жазушылар , оқытушылар, әртістер және т.б.
Жұмыстық қозғалыстар. Әрбір жұмыстық қозғалыс 4 формасымен ерекшеленеді: механикалық, физиологиялық, психикалық және қызметтік.
Жұмыстық қозғалыстардың механикалық формасы келесі параметрлермен анықталады: кеңістіктік (ұзындығы, формасы, бағыты), уақыттық (жылдамдық, үдеу, қарқындылық), күштік (күштің бағыты мен шамасы) және нақтылық ( уақыттық, кеңістіктік және т.с.с.).
Физиологиялық жұмыстық қозғалыстар бұлшықет белсенділігінің екі қарапайым формасымен қамтамасыз етіледі: динамикалық (тек қозғалыс) және статикалық (жұмыс атқару қалпында болу). Нақты жұмыс жағдайында қозғалыс әрекеті күрделілірек: ол әртүрлі сандық және сапалық қатынастағы және қозғалыс координациясындағы статика мен динамика элементтерін қамтиды.
Жұмыстық қозғалыстардың психикалық формалары еңбек процесінде атқаратын қызметі бойынша, қозғалыста орындайтын тапсырмасына қарай, қозғалысты орындауды бақылау деңгейіне қарай жіктеледі..
Жұмыстық қозғалыстардың қызметтік (функционалдық) формасы жұмыс процесіндегі барлық қозғалыстың кешенін негізгі және көмекшіге бөлуді білдіреді.
Жұмыстық қозғалыстарды тиімді ұйымдастыру (3-кесте) шаршауды төмендетуге жағдай жасайды, адамның жұмысқа қабілеттілігінің және еңбек өнімділігінің өсуіне септігін тигізеді. Қозғалыс экономиясы принциптерінің олардың сипаттамаларымен өзара әрекеттесуі жұмыстық қозғалыстарды ұйымдастыру жөніндегі практикалық ұсыныстар түрінде жүзеге асырылады.
Оңтайлы жұмыс зонасы
2-кесте
Категорияның атауы |
Тұрған қалып үшін |
Отырған қалып үшін |
Оңтайлы жұмыс позасының сипаттамасы
|
Корпус түзуленген. Тепе – тең тірек. Жоғарғы шектердің буындарында шеткі күйдің болмауы. Жұмыстық қозғалыстардың экономдығы. |
Корпус түзуленген. Жоғарғы шектердің буындарында шеткі күйдің болмауы. Жұмыстық қозғалыстардың экономдығы. Екі жақты тірек. Кеуденің жиі иілулері Мен бастың бұрылу қозға-лыстарының болмауы. |
Оңтайлы жұмыс позасын ұстап тұруға арналған шарттар |
Позаны өзгерту мүмкіндігі. Отырып аз уақытқа демалу мүмкіндігі. Аяққа арналған басқыштар-дың болмауы. Басқыштың болмауы. Моторлы кеңістіктің оңтайлы өлшемдері. |
Позаны өзгерту мүмкіндігі. Жұмыс орындығының фор-масы мен өлшемі. Бүкіл арқа үшін тіректің жоқтығы. Моторлы кеңістіктің оңтай-лы өлшемдері. Аяққа арналған басқыштар-дың болмауы. Жұмыс кеңістігі мен орын-дық биіктігінің оңтайлы қатынасы. |
Қозғалыстың ең үлкен қарқыны. Ол қозғалыс түріне тәуелді: айналмалы (об/с); қос қол үшін қысқыш (наж/с); орташа және оңтайлы қарқын үшін соққылық (уд/с); және әртүрлі қозғалыс барысында дамитын күш пен қол қозғалысының нақтылығына байланысты қозғалыс
Қол жетімділік зонасы. Ең үлкен, оңтайлы және жеңіл қол жетімділік аймақтары кездеседі. Жұмыс орнын жоспарлаған кезде еңбек операцияларының орындалуын қамтамасыз ету керек.
Жұмысқа қабілеттілігі белгілі уақыт аралығында берілген тиімділік деңгейінде бір мақсатқа бағытталған жұмысты орындайтын индивидтің заттық және потенциалды мүмкіндіктерінің сипаты.