3. Еңбектің физиологиялық негіздері

3.1.Еңбек ету үдерісіндегі адам ағзасының өмірлік маңызды қызметтері

 

Ағзаның өмір сүруіне қажетті биологиялық процесс ол - қоршаған орта арасындағы зат алмасу. Зат алмасу – тірі организмдерде  жүретін ішкі ортаның тұрақтылығы мен оның тіршілігінің  сақталуына бағытталған процесс. Ол организмнің барлық жасушалары мен ұлпаларда үздіксіз жүріп отырады және оларға қажетті заттар  түзеді.

Зат алмасу бір-біріне қарама-қарсы ассимиляция  және диссимиляция  деп аталатын екі процеспен  сипатталады.

Ассимиляция – организмге қажетті заттардың  синтезделу процесі, олардың игерілуі мен қолданылуы организмның тіршілігі мен өсіп-дамуы үшін өте қажет, ал, диссимиляция – заттардың ыдырауы мен олардың тотығуы және организмнен ыдырау өнімін шығарумен байланысты процесс. Зат алмасудың соңғы негізгі өнімдері: ағарған қышқылы (гликоген түзетін өнім), кетанды дене (майдың толық тотықпаған өнімі), аммиак, мочевина, креатинин және тағы басқалары. Ақуыздың ыдырау өнімі: көмірқышқыл газы және су. Ассимиляция және диссимиляция бір-бірімен бірлесіп үздіксіз әрекеттесіп отырады, бірақ кей уақытта олардың арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Мысалы, балалар мен жасөспірімдердің өсу және даму процесі кезінде зат алмасу ассимиляция процесімен сипатталса, орта жаста біршама тепе-теңдік қалып орнайды және 60 жастан кейін организмдегі зат алмасу диссимиляция процесіне ие болады.

Ағзадағы зат алмасу процестерін орталық жүйке жүйесінің ықпалымен реттеуші вегетативтік жүйке жүйесі болып табылады.

Зат алмасу процесінің бес негізгі түрі болады:

- су алмасуы

- тұз алмасуы

- көмірсу алмасуы

- май алмасуы

- ақуыз алмасуы

- және энергия алмасуы.

Зат алмасу организм қажет ететін азықтық заттарды қолдануды қамтамасыз ететін және қажет болғанша құрылымдық, энергетикалық  заттармен қанағаттандыратын биохимиялық және энергетикалық  прцестердің жиынтығынан тұрады. Азықтық зат адам организміне енгеннен кейін ішек-қарын жүйесіне түсіп гидролизденеді. Диссимиляция процесінің  нәтижесінде (ұлпалардың демалуы, гликолиз, ашу процесі) күрделі органикалық қосылыспен қорытындыланатын энергия босап шығады, ол энергия шығынының есебінен жүретін көптеген жасушалық процестердің пайда болуына қолданады. Энергия шығынының өлшем бірлігі ретінде джоуль немесе калория (1ккал = 4,184 кДж) ұсынылған. Тұтас өлшем бірлікті (калория,джоуль) бірліктер жүйесіне енгізу адамның тамақтануын, оған байланысты энергия шығынын есептеу адекваттылығын бағалауға және энергетикалық баланстың оң және теріс нәтижесін есептеуге мүмкіндік береді. Адекватты емес тамақтануда тәуліктік тағам рационы тәуліктер бойы жұмсаған энергия шығынын өтей алмайды, сондықтан кері энергетикалық балансқа әкеледі. Түзілген энергетикалық шығынды өтеу үшін азықпен бірге енетін ақуыздан басқа ұлпалардың да ақуызын қолданған жөн. Ұзаққа созылған кері баланс нәтижесінде ақуыз жетіспеушілік туындайды. Оң энергетикалық баланс кезінде тағам рационының қуаттылығы (калориясы) организмнің энергиялық шығынын арттырады, ол дегеніміз, дененің салмағын арттырып, май басуына әкеледі, атеросклероз, гипертония ауруын туғызады.

Физиологиялық қалыпты жағдай энергетикалық тепе-теңдік қамтылғанда, тағам рационының қуаттылығы бір тәуліктегі энергия шығынымен сәйкес келгенде қалыптасады.

Адамның энергиялық шығыны реттелетін және реттелмейтін болып жіктеледі. Реттелмейтін энергия шығынына негізгі алмасу мен арнайы тағамның динамикалық әсері жатады. Энергия шығынын анықтауға тікелей және жанама калорометриялық әдіс қолданылады. Бұл әдіс тыныс алу коэффициентін есептеуге негізделген. Сондай-ақ дәл емес есептеу әдісі де бар. Олардың негізінде арнайы таблицаларды қолдану жатыр.

Негізгі айналым - өмірмен қамтамасыз ететін жүйе -  ішкі органдардың жұмысына жұмсалатын энергия шығыны. Негізгі айналым салыстырмалы тыныштық(жату) жағдайымен, ауа температурасының ыңғайлы жағдайымен, аш қарынмен (14-16 сағат көлемінде ішкен соңғы асы) қамтамасыз етіледі. Негізгі айалымның орташа көрсеткіші 1ккал (4,184 кДж) шамасының 1кг/сағатқа қатынасы есебінен шығарылады. Мысалы, 70 кг салмақты ер адамда 1700 ккал (7112,8кДж), ал 55г салмақты әйел адамда 1400 ккал (55857,6 кДж). Негізгі айналым әйел адамдарға қарағанда ер адамдарда жоғары болады.

Тағамның ерекше динамикалық әсері – бұл организмнен айналымға жұмсалатын және азықтық заттардың организмге сіңірілуіне жұмсалатын энергия шығыны. Азықты қабылдауға кететін энергия шығыны негізгі айналымды орта есеппен тәулігіне 10-15% жоғарылатып отырады.Азықтық заттар негізгі айналым белсенділігіне әр түрлі әсер етеді, организмнің белсенділігінің жоғарылығына ақуызды 30-40%, майды – 4-14%, көміртекті – 4-7% қабылдауымен байланысты.

Су мен тұз алмасуы мидың гипофизіндегі және тиісті гормондар бөлінетін бүйректе болатын процестер арқылы жүйке жүйесінің басқаруымен  реттеледі. Су адам денесінің 67%-ға жуығын құрайды, ал бұл сулы ортада көптеген өмірлік маңызды заттар тарайды және барлық зат алмасуына байланысты химиялық реакциялар болады. Тыныш кезінде адам ағзасы тәулігіне шамамен 2,5 л су бөледі, дене қозғалысы кезінде судың бөлінуі екі еседей көбейеді. Судың бөлінуі ондағы еріген сулардың да азаюымен қатар жүреді. Басқаша да болуы мүмкін - қан плазмасындағы тұздардың  концентрациясының көбеюі де болады. Бұл ағзаның қалыпты жұмыс жасауына қажетті су мен тұздың – су-тұз балансы қатынасының бұзылуына алып келеді, ол қан тамырлары жүйесінің бұзылуы мен сіңір тартылуын тудыруы мүмкін.

Сондықтан дұрыс еңбек процесінде, әсіресе ауыр дене жұмысында, ыстық

цехтарда тамақтану режимін сақтау (кейде тұзды, минеральды заттары бар су пайдалану) өте маңызды.

Көмірсулар  (қант, глюкоза, фруктоза, крахмал, гликоген, клетчатка) - бұлар көміртегіден, сутегіден және оттегіден тұратын күрделі органикалық қосылыстар. Олар негізгі энергетикалық заттар болып табылады. Үлкен бұлшық ет жұмысы, бас миының жұмысын күшейтетін ой қызметі қанға, бұлшық етке, миға баратын глюкозаның мөлшерін азайтады, мұндай жағдай жұмыс қабілетін төмендетеді. Көміртегілік алмасуды реттеу қандағы глюкозаның қалыпты жағдайын ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Май алмасуы ағзаның энергетикалық қызметін орындайды (1 г майдың тотығуы 9 ккал артық энергия жоғалтады), ағзаны жылуды жоғалтудан сақтайды. Майлар. - күрделі физикалық қызмет атқарады. Адам ағзасының пайдаланбаған май тері сыртында жиналады, ол жылу өткізбейді дәнекер ұлпа мен ішкі органдардың сыртын қаптайды.

 Экспериментальдық жағдайларда (ауыр жҽне ұзақ жұмыс, тағамның жетімсіздігі) ағзаның бүйректегі май резервінің бір бөлігі көміртегіне айналып, ми мен бұлшық етті ұстап тұру үшін қанға түседі.

Ақуыз алмасуының маңызы да елеулі. Ақуыз бұлшық ет құрамына кіреді, оның жұмыс қабілетін қамтамасыз етеді. 1 г. ақуыздың тотығуы шамамен 4 ккал энергия береді.  Ақуыздар – ауыстыруға болмайтын адам организміндегі ұлпалар мен жасушаларды жаңартып оларды жасап отыратын құрылыс материалы.

Еңбек процесінде, яғни физиологиялық және ойлау жұмысын орындағанда жұмсалатын энергия шығыны энергиялық ретпен жұмсалуына негізделген.     Еңбек жұмсайтын энергия шығыны мен түрлі мамандығына байланысты бес топқа жіктеледі.

Ой еңбегімен айналысатындар және жүйке жүйесіне күш түсетін жұмыс жасайтындар

Еңбектің жеңіл түрімен айналысатындар

Еңбек ауырлығы орташа болатын жұмысшылар

Ауыр еңбекпен айналысатын жұмысшылар

Өте ауыр дене еңбегімен айналысатын жұмысшылар.

Тағамның қуаттылығын қамтамасыз ету  үшін тәулігіне тағам рационында ақуыздар, көмірсулар, майлар жеткілікті түрде болуы тиіс. Тәуліктік тағам рационында ақуыз – 13-14%, май - 30%, көмірсулар – 56-57%.

Тағам – адам организмінің маңызды физиологиялық қажеттілігі, ол организмнің негізгі қызметтері - өсу, даму,  белсенді жұмысқа қабілет-тілігінің қамтамасыз етілуіне бағытталып көмек көрсетіледі. Оның ішінде маңызды орынды – тағам рационы алады. Ол организмді өте жақсы физиологиялық қалыпты жағдайда қамтамасыз етіп, организмнің жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатады және қартаюды бәсеңдетіп,өмірінің ұзақтығын соза түседі.

Тағам рационы организмді энергетикалық, құрылымдық  және басқа да қажеттіліктермен қанағаттандырады, сонымен қатар қажетті негізгі айналыммен қамтамасыз ету. Тағам рационын құру адам организміне көптеген қолайсыз факторлардың әсерін төмендетеді. Дұрыс тағам рационын құрмау зат алмасуды, соның ішінде май мен тұз алмасу балансын бұзып, нәтижесінде май басу, бүйрекке тас жиналу секілді организмдегі жағымсыз өзгерістерге алып келеді. Тамақтану жағдайын сақтамаған жағдайда гастрит және асқазанда жара пайда етеді. Тамақтану уақытының арасы алшақтаса, онда қандағы холестерин концентрациясы жоғарылайды.

Тағам рационын құрудың маңызы – тағамның балансталуы, бұл дегеніміз организмдегі энергия мен ақуыз санына парапар болмайтын, орны толмас азықтық факторлардың белгілі қатынасы болады. Аталған факторлар организмнің қалыпты өмір тіршілігін қамтамасыз етеді және олар организммен синтезделмейді, сондай-ақ алмасу процесінің қалыпты жүруіне қажет. Оларға: орын ауыстыруға болмайтын амин қышқылы, кейбір майлы қышқылдар, дәрумендер, минералды заттар жатады.

Дені сау адамда ақуыз, май және көмірсулардың қатынасы 1:1,2:4,1:6 тең. Организмді толықтай орын ауыстыруға болмайтын амин қышқыл-дарымен қамтамасыз ету үшін тағам рационына 55% жануарлардың ақуызын қосу қажет. Сондай – ақ жоғары биологиялық бағалы қасиетке ие өнімдер - өсімдік тектес заттар.

Тәуліктік тағам рационының мәзірін келесідей ретпен құрған дұрыс. Таңғы ас негізінен міндетті түрде ыстық аспен қамтылуы тиіс. Оларға: ет немесе балық тағамдары, көкөніс пен дәнді-дақыл өнімдері, түрлі ботқалар, орамалар мен ішуге қажетті соның ішінде ыстық шай, кофе, какао. Түскі ас жұмыс күшіне  жұмсалған энергия шығынының негізгі толықтырушысы болады. Түскі аста қуаттылығы жоғары сапалы салат тағамдарын және жеміс-жидек, ащы тағамдарды жеген пайдалы, соңында түскі асты тәтті тағамдармен аяқтаған жөн, оның себебі ол тағамдар асқазандағы сөлдің бөлінуін тоқтатып, жақсы күйде қалдырады. Ал, кешкі асқа сүт өнімдерін, дәнді-дақылды және көкөністі өнімдер падаланған жөн. Ет өнімдерін жеу пайдалы емес, себебі олардың асқазанда қорытылуы баяу жүреді, сондай-ақ шай, кофе, шоколад сияқты жүйке жүйесін қоздыратын тағамдарды пайдалануға болмайды.

Өндіріс кәсіпорындарында, соның ішінде онда жұмыс жасайтын жұмысшылардың саны айтарлықтай көп болса, ондай жерлерде қоғамдық тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Тағам рационы қызметкерлер мен жұмысшылардың өндіріс кәсіпорынының еңбек интенсивтілігі тізімде тіркеліп, ұжымдағы адамдардың жасы мен жынысына, негізгі азықтық заттар мен қуаттылығының физиологиялық қажеттілігіне негізделеді. Бұның барлығы кәсіпорынның қоғамдық тамақтануының кешенді мәзірін даярлағанда қарастырылып, қамтылады.

Кешенді таңғы, түскі, кешкі астың мәзірін құру тамақтану аясындағы ғылыми жетістіктерге негізделген. Кешенді мәзір жеті күннен кем емес уақыт аралығына түрлі өнімдермен қамтылып жасалуы тиіс. Яғни азықтың орны толмас компонентімен тағам рационын қамтамасыз ету қоршаған ортаның жағымсыз факторларына организмнің қарсы тұруына себепші болады.