2.Еңбектің психофизиологиялық сипаттамасы
2.1.Еңбектің психологиялық сипаттамасы
Еңбек дегеніміз – адамдардың рухани және материалдық қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет.
Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамның еңбектегі қабілеті мен жеке басының қасиеттері тек қанаушы тап жоқ қоғамда ғана толық ашылады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың еңбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды, сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан да тұрады[20 (126)].
табылады.
Еңбек мазмұны дегеніміз - еңбек құралдары және өндіріс процесін ұйымдастыру формасына байланысты қалыптасатын нақты еңбек іс- әрекетінің қызметтік ерекшеліктері. Бұл ерекшелік еңбектің жауапкершілігі мен күрделілігінің дәрежесін, атқарушылық функциялардың қатынасын, техникалық жарақтандырылу деңгейін, еңбек функцияларының жан-жақтылық деңгейін, бірқалыптылықты, өз бетінше жұмыс істеуді, т.б. қамтиды. Еңбек мазмұны тұлғаның біліміне, біліктілігіне, қабілетіне белгілі бір талаптар қояды. Бұл - еңбек процесіндегі адамның даму мүмкіндіктері мен өзін таныта алуын сипаттайтын маңызды фактор. Ол еңбектік қатынасқа және еңбектен қанағаттануға, еңбекке деген ықыласқа, мамандар тұрақтауы мен еңбек өнімділігіне ықпал етеді. Еңбек мазмұны жұмыс орнындағы міндеттердің бөлінісін және орындалатын операциялардың жиынтығын білдіреді, Өндіруші күштердің даму деңгейін көрсетеді. Өндіргіш күштер дамуының әрбір басқышы еңбекке өз талаптарын қояды, жұмысшының белгілі бір типін қалыптастыруға алғышарттар жасайды,
Еңбек психологиясының көзқарасы бойынша еңбек – бұл адамның жүйкелік (психикалық) және бұлшық еттер (физикалық) энергиясының шығындалуын анықтайтын процесс, оның нәтижесінде өмір үшін қажетті және қоғамдағы тұтынушы құнының дамуы құрылады. Еңбектің бұл психофизиологиялық сипаттамасы оның өнімділігімен тығыз байланысты. Қолданбалы зерттеулердегі еңбек психологиясының алдында тұрған негізгі міндеттер – бұл еңбек гуманизациясы мен оның өнімділігінің жоғарылауы. Еңбек гуманизациясымен еңбек мазмұндылығының жоғарылауы, шаршау профилактикасы, кәсіби аурулардың болуы, өндірістік жарақаттанудың және жеке тұлғаның кәсіби деформациялануының алдын-алу сияқтылармен түсіндіріледі. Бұл міндеттерді шешу үшін техникалық, технологиялық, санитарлы-гигиеналық, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі.
Қолданбалы міндеттердің теориялық негізін шешу үшін келесі ғылыми мәселелер аумағындағы зерттеулер қызмет етуі тиіс:
1. Адам мен оның мамандығы арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыру жолдарын оқу.
2. Индивид пен жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттер динамикасын және оның құрылысын оқу.
3. Оңтайлы және шұғыл жағдайлардағы кәсіби міндеттерді шешуін қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдының құрылысын, сонымен қатар осы құрылыстың динамикасы мен тұрақтылығын анықтайтын факторларды оқу.
4. Еңбек әрекетінің себептері мен еңбекті орнатудың құрылысымен, оның қалыптасу және қайта құрылу заңдылықтарымен танысу.
5. Еңбек тегі адамның жағдайының құрылысын және осы жағдайдың динамикасының заңдылықтарын оқу.
6. Еңбек қауіпсіздігі мен табысты факторы ретінде жеке тұлғаның қарым-қатынасы мен психикалық жағдайын, индивид қасиеттерінің өзара байланысын оқу.
2.2.Еңбек психофизиологиясының зерттеу аймағы
Қазіргі уақытта жұмысқа қабілеттілік мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді, ол еңбек кезіндегі адамның психологиялық жағдайын оқумен тығыз байланысты. Еңбек психологиясында жұмысқа қабілеттілікпен индивидтің потенциалды немесе бар болған мүмкіндіктерінің сипаттамасы, берілген деңгейде белгілі бір уақытта іс-әрекетті мақсатты түрде тиімді орындаумен түсіндіріледі. Адамның психологиялық жағдайы – бұл салыстырмалы түрде психиканың барлық компоненттерін тұрақты құрылысты ұйымдастыру, адамның қоршаған ортамен өзара әрекетінде белсенді қызметті орындайды, ол әрбір нақты кезеңде белгілі бір ситуация түрінде көрсетіледі. Еңбек әрекетіндегі адамның жағдайын ұзақтылық принципі бойынша, нақты компонент бойынша, жалпы тонусына түскен қысым деңгейі бойынша, саналы әрекетінің белсенділік деңгейі бойынша, жеке тұлғаның қасиеттеріндегі басты құрылысы бойынша бөліп қарастыруға болады. Еңбек психологиясы үшін қуат деңгейі бойынша қалып классификациясы аса қажетті, өйткені дәл осы белгі қызмет нәтижелілігінің қалыпқа әсерінен маңызды болып есептеледі. Қуат деп организм жүйесінің түрлі жұмылдырылуы мен белсенділік дәрежесін түсінуге болады. Біркелкі қуат – еңбек қызметінің жұмылдырылған әсерінің нәтижесінде туындайтын қалыпты жұмыс жағдайы. Бұл қызметтің дұрыс орындалуына қажетті психикалық белсенділік жағдайы. Қалыпты қуат еңбектің оңтайлы режиміне сәйкес келеді. Еңбек режимі деп еңбек пен демалыстың ақылды кезектілігімен түсіндіріледі. Жоғары қуат экстремалды жағдайларда өткізілетін қызмет түрлерінде туындайды. Оңтайлы шарттарда қызмет құны, яғни берілген деңгейде жұмыстың орындалуын қамтамасыз ететін психологиялық және физикалық шығын шамасы жоғары емес. Көбіне оңтайлы режим кезінде жұмыс қабілеттілігінің ұзақ сақталуы, өрескел бұзушылықтың, қате әрекеттердің, үзушіліктің және басқа да нормалардан ауытқулардың болмауы типтік болып табылады. Оңтайлы режимдегі еңбек жоғары сенімділікпен сипатталады, яғни қойылған тапсырманың анықталған уақыт аралығындап мүмкін нақтылықпен және оңтайлы нәтижелілікпен орындау ықтималдығы жоғары болады. Экстремалды шарттар – бұл жұмысшыдан физиологиялық норма шектерінен шығатын функциялардың физиологиялық және психологиялық максималды қуатты талап ететін шарттар. Экстремалды режим жалпы мағынада – бұл қалыпты шектерден шығатын шарттардағы жұмыс режимі.
Қуатты жоғарылататын қолайсыз факторлардың арасынан келесілерді бөліп көрсетуге болады:
1) нормативті талаптарға еңбек шарттарының сәйкестенбеуінен туындайтын физиологиялық қолайсыздық;
2) биологиялық қорқыныш;
3) уақыттың жетіспеуі;
4) тапсырма қиындығының жоғарылығы;
5) қате әрекеттердің жоғары мәнділігі;
6) кедергінің болуы;
7) объектілі жағдайдың сәтсіздігі;
8) шешім қабылдауға ақпараттың жетіспеушілігі;
9) ақпараттың шамадан тыс көп болуы;
10) конфликтілі шарттар, яғни шарттардың біреуінің басқа шарттың орындалуына бөгет ететін қызмет.
Қуатты маманның қызметінде қатыстырылған және қолайсыз шарттарда ерекше көрсетілген өзгертулердің психологиялық функцияларымен сәйкес сыныптарға жіктеуге болады. Интеллектуалды қуат – көптеген мәселелік жағдайлармен ескертілген интеллектуалды үрдіске жиі сүйенумен туындаған қуат. Сенсорлы қуат – перцептивті және сенсорлы жүйе қызметтерінде оңтайлы емес шарттармен шақырылған және қажетті ақпаратты қабылдау кезінде үлкен қиындықтардың туындауына алып келетін қуат. Монотония – орындалған қызметтердің біркелкілігімен, назарды аударудың мүмкінсіздігімен, назардың тұрақтылығы мен концентрация талаптарының жоғарылығымен шақырылған қуат. Политония – назарда көптеген бағыттарда жиі аудару қажеттілігімен туындаған қуат. Физикалық қуат – адамның қозғалтқыш аппаратына түсірілетін жоғары күштенумен шақырылған организм қуаты. Эмоционалды қуат – авариялық жағдайлармен, кездейсоқтылықпен туындайтын жоғары ықтимал конфликті шарттармен шақырылған қуат, қуаттың басқа түрлері сияқты туындауы мүмкін. Күтім қуаты – қызметтің жоқ кезіндегі шарттарда жұмыс функцияларының дайындығымен қамтамасыздандыратын қуат. Мотивациялық қуат шешім қабылдауға арналған критерийлердің таңдалу мотивтерімен күресумен байланысты қуат, яғни альтернативті шешім нұсқаларымен сәйкестендіруге болатын нормалар.