1. Еңбек физиологиясы мен психологиясының пәні, мақсаты, міндеттері, маңызы, еңбекшілердің өндірістегі қызметтік мүмкіндігіне қойылатын талаптар

 

Физиология (грек. “физио”-табиғат, “логос”-ілім) – тірі организм мен оның жүйке жүйелері, тіндері және жасушаларының әрекеттестігін және тіршілігін зерттейтін ғылым.

Адам ағзасы - өте қиын, бірақ таң қаларлық тұтас жүйе. Барлық мүше мен ағза жүйесі бір – бірімен тығыз байланысты. «Байланысшы» рөлін мүшелер арасында жүйке жүйесі орындайды, бұдан басқа реттеп және орындайтын ағзалардың қызметін толығымен әр мүше өз ретінше орындайды (асқазан сөлінін, өт гармонының құрылуы,шектің толқи қимылдау қызметі, жүрек бұлшық етінің қысқаруы және т.б).

Еңбек физиологиясы – физиологияның бір бөлімі, механизмдерді үйренушімен және адам физиологиясының процестері  заңдылығымен өндірістік ортада, адам еңбегі процесінің ерекшеліктерін қарастырады. Еңбек физиологиясы адам организмінің еңбектену кезіндегі қалыпты жағдайын, жұмыскерлігін, оған өндірістік әсерлерді тексеріп, тиімді жұмыс істеу шараларын жүзеге асырады.

Әр адам, өз ағзасының құрылысы және қызметімен таныс болса, саналы түрде гигиеналық ережелерді сақтай алады, сонымен қатар, өз ағзанды нығайтып, шынықтыратын болсаңыз, әр түрлі аурулардан қорғап, физикалық дамыған, дені сау адам бола аласыз!

Еңбек физиологиясы жұмыс кезіндегі адам организмінің функционалды жылжуларын оқытып, жұмысқа қабілеттілікті жоғарылату, еңбек кезінде жұмыскерлердің денсаулығына зиян келтіретін кері әсерлерді ескеру шараларын жоспарлайтын  физиология  және еңбек гигиенасының бір бөлімі.

Еңбек физиологиясы адамның  қызметтік мүмкіндіктерін қарастыруында ол медицина ғылымына жақын болып келеді. Сонымен қатар, еңбек физиологиясы ол адамға түстің(бояу), әннің,  шудың, температура және басқа да қоршаған орта көріністері, т.б. еңбек қауіпсіздігін тиімді ұйымдастыра білудің жолы.

 Еңбек физиологиясы – еңбек процесінің адамның физиологиялық сипаттамасына әсерін зерттейді. Алынған нәтижені еңбек пен демалыс режимін, жұмыс орнын жобалау, еңбек талабын жақсарту мен нормалауды ұйымдастыру кезінде қолданады. Қазіргі өндіріс жағдайларында адамның еңбек іс-әрекеті мен физиологиялық  көрсеткіштерін жүйелі түрде зерттеу өте маңызды орын алып отыр. Мұны жүзеге асыратын ғылым саласын эргономика деп атайды. Эргономика еңбектену үрдісінің жұмыс құралдары мен жағдайларының тиімді жолдарын іздейді. Ал еңбек физиологиясы оның маңызды бір бөлімі болып есептелінеді. Бұл мақсаттарды орындау үшін ол еңбек физиологиясының зерттеу әдістері мен нәтижелерін пайдаланады. Техника қанша күшті болғанымен, оны тиімді және қауіпсіз қолдану оның конструктивтік параметрлерін адамның жұмысының оптимальдық жақтарына байланыстыру, адамның психофизиологиялық мүмкіншілігімен ерекше байланысты. Сондықтан машина жүйесі және бір комплекс ретінде адамды теротехникалық орта деп қарастыру керек. («Адам, машина, өндірістік орта»). Эргономика – адамның еңбек әрекетін жақсарту мақсатын немесе оған жайлы және қауіпсіз жағдай жасауменен, жұмыс өнімділігін жоғарылатумен, денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін сақтау мақсатында «Адам, машина, өндірістік орта» жүйелерін, пайда болатын мәселелерді зерттейтін ғылым.

Еңбек психологиясы – адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі.

Еңбек психологиясы мағынасында мыналар түсіндіріледі:

1. Әрбір еңбек субьектісінің бейімделгіштік, интеграциялық және еңбек қызметі процесіндегі кейбір аспектілерді зерттейтін психология бөлімі.

2. Мамандық қызметінің психологиялық механизмдері мен заңнамаларын құру.

Еңбек психологиясы еңбек қызметі процесіндегі адамның психологиялық сипаттамасын зерттейді. Алынған нәтижені мамандарды іріктеу, топтық жұмыстарды ұйымдастыру, келіспеушілік жағдайларды болдырмау, мотивация жүйесін жасау кезінде қолданады.

 

1.1 Еңбек психологиясы сипаттамасы

 

Еңбек психологиясы көзқарасы бойынша, еңбек бұл адамның жүйкелік   психикалық және бұлшықеттер арқылы физикалық энергияның шығындалуын анықтайтын процесс. Қолданбалы зерттеулердегі еңбек психологиясының алдында тұрған негізгі міндеттер: бұл еңбек өнімділігінің жоғарылауы, еңбек гуманизациясы мен еңбек мазмұндылығының жоғарылауы, шаршаудың алдын алу, кәсіби аурулардың, өндірістік жарақаттану және жеке тұлғаның кәсіби деформациялануының алдын алуымен түсіндіріледі.            

Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда жан туралы ғылым, кейін жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды. Әрине, қылық-әрекеті бақылаумен объективтік деректерді зерттей аламыз, себебі біздің әрқандай әрекет-қылығымыздың астарында өзіміздің ой, сезім, ниеттеріміз жатыр. Сондықтан осы ой, сезім, ынта-ықыласын білмейінше, әрекет-қылықты тану мүмкін емес.

Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктерін психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес,  көп жағдайда олар қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық  тарабы  басымдау, дүниетанымдық пән болса, ол қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін  сақтай отырып, өндірісті, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған орай психология  бірнеше салаларға бөлінеді.

Қазіргі кезде, еңбек психологиясы – психологияның тәуелсіз бөлігі, ол адам еңбегін, индивидтің ерекшеліктеріне қарай, тиімді пайдалануды көздейді.

Еңбек психологиясының негізгі мақсаттары:

1. Мекеменің психологиялық жайын оптимизациялау.

2. Басқару стратегиялары мен тактикалар, қызметтік келіссөздерді есептеу, жарнамалық компанияларды дұрыс ұйымдастыру және ақпарат жинақтау.

Еңбек психологиясының міндеттері мен зерттеу обьектісі. Еңбек психологиясының әдістері

Еңбек психологиясының міндеттері:

1. Еңбек сапасын ұлғайту және өндірістік қатынасты дамыту;

2. Жұмысшылардың өмір талабын жақсарту;

3. Еңбек қызметінің талаптарын жақсарту;

4. Басқарудың ең қажетті әдістерін өңдеу;

5. Апаттық жағдайларды азайту;

6. Басқарудың стратегиялары мен әдістерін жобалау;

7. Өндірістің корпаративті мәдениеті және нормаларымен жұмыс жасау;

8. Мекеме қызметкеріне психологиялық көмек;

9. Жұмысқа қабылдаудың негізгі критерийлерін жасау;

10. Жұмысшыларды оқыту әдістерін дамыту

Еңбек психологиясының обьектісі - өндіріс талабындағы индивидтің қызметі.

Еңбек субьектісіне мекеменің әрбір жұмысшысы, өндірістік процеске өз үлесін қосатан әрбір индивид жатқызылады.

Еңбек психологиясы практикалық түрде еңбек талабындағы адамның қызметтік ерекшеліктерін зерттеу үшін әр түрлі әдістер қолданады.

Еңбек психологиясының негізгі әдістері:

1. Тестілеу;

2. Сырттай және тікелей бақылау;

3. Сөйлесу;

4. Сұрақтар қою және сұхбаттасу;

5. Тренингтер;

6. Рөлдік ойындар;

7. Ақпаратты синтездеу және сараптау.

 

1.2 Еңбек психологиясының ғылым ретінде қалыптасуы және зерттеу әдістері

 

Еңбек психологиясы медицина, физиология, психология, техника, саясаттану әсерімен қалыптасқан. Еңбек психологиясы көп пәндермен байланысты болып келеді. Ол XIX ғасырдың аяғы мен  XX ғасырлар басында еңбекті ұйымдастыруға ғылыми көзқарас кезеңінде құрылған. Еңбек психологиясын негізін қалаған У.Д.Скотт болатын, ол психологияны жарнамалық жұмыстар мен кадрлық іріктеулерде пайдалануды ұсынған болатын. Одан кейін Г.Мюн-Стербердің “Тиімді өндірістің психологиясы” (1913) атты кітабы шықты. Мюн-Стерберг болса, кадрларды іріктеуде тестілеу әдісін ең тиімді деп санаған.

Психотехника ғылым ретінде XX ғасырдың басында пайда болды. Оның міндеті еңбек психологиясымен сәйкес болды. Бірінші дүние жүзілік соғыста ол әскери өндіріс пен қажеттіліктерге байланысты адамдарды іріктеудің негізіндегі маманданған ғылым ретінде маңызды орын алған.

Анкета жасау әдісі көп адамдар топтары мен үлкен аймақты қамти алатын ең арзан әдіс болып табылады. Оның негізгі ерекшеліктері – уақыттың шығындалмауы, құпиялы түрде толтыру мүмкіндігі болса, ал кемшілігі – анкеталардың респондентке қайтарылмауы.

Тестілеу әдісі мынадай негізгі принциптермен базаланады:

1. Стандартизациялау (кандидаттар үшін тестілеу талаптарының сақталуы, өзгеріссіз қалуы);

2. Нәтижелерді обьективті бағалау;

3. Тесттің бағыттар бойынша сәйкестігі;

4. Тесттің сенімділігі.

Тестілеуді жүргізу әдістері: жеке және топтық, компьютермен немесе қағаздық жолмен.

Психологиялық тесттердің түрлері:

1. Қабілеттіліктерді анықтау тесттері;

2. Таңдау тесттері;  

3. Арнайы қабілеттіктерді анықтау тесттері;

4. Психомоторлы тесттер;

5. Жеке тесттер.

Мамандандырылған оқыту. Жауапкершілік.

Мамандандырылған оқыту индивидтің біліктілігін, тәжірибесін, білімділігін мамандығына байланысты жетілдіру мақсатта жүргізіледі. Оқыту барысында нақты оқу пәндері, жобалар, мамандық бойынша практика жүргізіледі.

Оқыту процесін жеделдетуге әсер ететін факторлар:

Берілген ақпарат нақты, қызықты, түсінікті болуы қажет.

Тыңдаушының білімділігі мен тәжірибелілігі.

Оқытылған материал бойынша, талқылау жүргізу, тыңдаушының жеке ойы болуы қажет.

Оқытудың мотивациялық жүйесін жасау.

Демалу мен оқытудың оптимальді режимін жасау – ұзақ уақыт бойы оқыту немесе оқытудың жүктемесінің жетіспеушілігі оқыту процесіне кері әсерін береді.

Оқытуды практикамен байланыстыру.

Жауапкершілік – еңбек субьектісінің мекемеде белгіленген нормалар мен ережелерді ескере отырып, өз міндеттерін сапалы орындай білуі.

Көптеген жұмыс орындарында бір адамның жауапкершілігіне басқа адамдардың өмірі, құрылғылардың сақталынуы мен адамдар қауіпсіздігі тәуелді болады.