Əлеуметтану теориясына кіріспе

Бұл тақырып әлеуметтану теориясының ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздерін, оның қалыптасу тарихын, негізгі даму кезеңдерін, классикалық және қазіргі әлеуметтанулық тұжырымдамаларды, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді түсіндірудегі теориялық тәсілдердің маңызын зерделеуге бағытталған. Әлеуметтанулық теорияның мәні, құрылымы, негізгі функциялары, қоғамды ғылыми тұрғыдан танудағы рөлі және әлеуметтік шындықты түсіндіру ерекшеліктері қарастырылады.

Тақырып аясында әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына ықпал еткен тарихи, әлеуметтік және философиялық алғышарттар, О. Конттың позитивистік тұжырымдамасы, Э. Дюркгеймнің әлеуметтік фактілер теориясы, М. Вебердің әлеуметтік әрекет теориясы, К. Маркстің әлеуметтік қақтығыс пен таптық қатынастар туралы көзқарастары талданады. Сонымен қатар классикалық әлеуметтану теорияларының қоғамның әлеуметтік құрылымын, әлеуметтік институттардың қызметін және қоғамдық өзгерістердің заңдылықтарын түсіндірудегі ғылыми маңызы зерделенеді.

Ерекше назар қазіргі әлеуметтанудың негізгі теориялық бағыттарына, оның ішінде құрылымдық функционализмге, әлеуметтік қақтығыс теориясына, символдық интеракционизмге, әлеуметтік айырбас теориясына, феноменологиялық әлеуметтануға және әлеуметтік конструктивизмге аударылады. Аталған теориялардың негізгі қағидаттары, зерттеу объектілері, әдіснамалық ерекшеліктері және әлеуметтік құбылыстарды түсіндірудегі мүмкіндіктері салыстырмалы тұрғыдан қарастырылады.

Сонымен қатар макроәлеуметтанулық және микроәлеуметтанулық тәсілдердің ерекшеліктері, әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік әрекеттің өзара байланысы, әлеуметтік тәртіп, әлеуметтік теңсіздік, билік, әлеуметтік институттар, әлеуметтік өзгерістер және қоғамдық қатынастардың қалыптасу механизмдері талданады. Әлеуметтанулық теориялардың қазіргі жаһандану, урбанизация, цифрландыру және әлеуметтік трансформация жағдайындағы қоғамдық үдерістерді зерттеуде қолданылу мүмкіндіктері зерделенеді.

Қазақстан қоғамының әлеуметтік даму ерекшеліктерін, әлеуметтік стратификацияны, қоғамдық құндылықтардың өзгеруін, әлеуметтік мобильділік пен әлеуметтік институттардың трансформациясын түсіндіруде әлеуметтанулық теорияларды қолданудың ғылыми және практикалық маңызы айқындалады.


Нажмите на ссылку 2-ші дәріс. Әлеуметтану теориясына кіріспе (3)_compressed (1) (1).pdf, чтобы просмотреть файл.