Қазіргі əлемді түсінудегі əлеуметтану
Студенттердің әлеуметтану ғылымының мәні, негізгі теориялары, ұғымдары мен зерттеу әдістері туралы жүйелі ғылыми білімдерін қалыптастыру, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру, жеке тұлға мен қоғам арасындағы өзара байланысты талдау, әлеуметтік мәселелерді сыни бағалау және ғылыми негізделген қорытындылар жасау дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижелері:
Тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер:
Әлеуметтану ғылымының объектісін, пәнін, негізгі міндеттерін және қоғамды зерттеудегі маңызын түсіндіреді.
Әлеуметтанудың қалыптасу тарихын, классикалық және қазіргі әлеуметтанулық теориялардың ерекшеліктерін сипаттайды.
О. Конт, Э. Дюркгейм, М. Вебер, К. Маркс және басқа да әлеуметтанушылардың ғылыми тұжырымдамаларын салыстырады.
Әлеуметтанулық қиял ұғымын түсіндіріп, жеке адамның өмірлік тәжірибесі мен қоғамдық үдерістер арасындағы байланысты анықтайды.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын, әлеуметтік институттардың қызметін және әлеуметтік қатынастардың қалыптасу заңдылықтарын талдайды.
Әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік рөл, әлеуметтік норма, әлеуметтік құндылық, әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік ұғымдарын ажыратады.
Қазіргі қоғамдағы жаһандану, урбанизация, цифрландыру және көші-қон үдерістерінің әлеуметтік салдарын бағалайды.
Әлеуметтанулық зерттеулердің сандық және сапалық әдістерін ажыратып, оларды әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде қолданады.
Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік өзгерістерді, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамдық қатынастардың даму ерекшеліктерін әлеуметтанулық тұрғыдан талдайды.
Қазіргі әлемдегі әлеуметтік мәселелерді ғылыми деректер мен әлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіріп, дәлелді қорытындылар жасайды.