Отбасы жəне қазіргі заман. Дін, мəдениет жəне қоғам.

Бұл тақырып отбасы, дін және мәдениеттің қоғамдағы әлеуметтік институттар ретіндегі орны мен қызметін, олардың қалыптасу және даму заңдылықтарын, қазіргі әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы өзара байланысын әлеуметтанулық тұрғыдан зерделеуге бағытталған. Отбасының әлеуметтік құрылымы, негізгі функциялары, қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды реттеудегі рөлі, сондай-ақ дін мен мәдениеттің жеке тұлғаның әлеуметтенуіне, құндылықтар жүйесінің қалыптасуына және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпалы қарастырылады.

Тақырып аясында отбасы институтының тарихи даму кезеңдері, отбасының түрлері мен құрылымы, некелік-отбасылық қатынастар, отбасындағы әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер, гендерлік қатынастар, ұрпақаралық сабақтастық және отбасылық құндылықтардың өзгеру ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы отбасы институтының трансформациясы, урбанизация, жаһандану, көші-қон, цифрландыру және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің отбасылық қатынастарға әсері зерделенеді.

Діннің әлеуметтік институт ретіндегі мәні, қоғамдағы негізгі функциялары, діни сенімдер мен құндылықтардың әлеуметтік мінез-құлыққа ықпалы, дін мен мәдениеттің өзара байланысы қарастырылады. Дін әлеуметтануының негізгі теориялық бағыттары, секуляризация, діни жаңғыру, діни әртүрлілік, конфессияаралық қатынастар, діни толеранттылық және ар-ождан бостандығы мәселелері талданады.

Ерекше назар мәдениеттің әлеуметтік табиғатына, материалдық және рухани мәдениеттің ерекшеліктеріне, мәдени нормалар мен құндылықтарға, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызына аударылады. Сонымен қатар бұқаралық мәдениет, жастар субмәдениеті, мәдени жаһандану, мәдени сәйкестілік және цифрлық мәдениеттің қазіргі қоғамдағы әлеуметтік үдерістерге ықпалы зерделенеді.

Қазақстан қоғамындағы отбасы құндылықтарының сақталуы мен жаңғыруы, ұлттық дәстүрлер мен заманауи әлеуметтік өзгерістердің өзара ықпалы, діни және мәдени әртүрлілік, этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері әлеуметтанулық тұрғыдан қарастырылады.


Нажмите на ссылку 6-шы дәріс. Отбасы және қазіргі заман._compressed.pdf, чтобы просмотреть файл.