Құрылыс процесін мемлекеттік реттеу

Бұл тақырып Қазақстан Республикасындағы құрылыс процесін мемлекеттік реттеудің құқықтық, ұйымдастырушылық және нормативтік негіздерін, құрылыс қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін, сондай-ақ құрылыс объектілерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету тетіктерін зерделеуге бағытталған. Құрылыс процесін мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары, мемлекеттік органдардың өкілеттіктері, құрылыс қызметіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері және нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

Тақырып аясында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын ұйымдастыру тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және мемлекеттік құрылыс инспекциясының қызметі талданады. Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар, құрылыс объектілерінің жобалау және атқарушылық құжаттамасын тексеру, құрылыс материалдары мен конструкцияларының нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалау, құрылыс сапасын бақылау және анықталған құқық бұзушылықтарды жою шаралары зерделенеді.

Ерекше назар құрылыс процесіндегі техникалық және авторлық қадағалаудың құқықтық негіздеріне, олардың негізгі функцияларына, құрылыс салушының, тапсырыс берушінің, мердігердің және жобалау ұйымдарының жауапкершілігіне аударылады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау, жасырын жұмыстарды куәландыру, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау, инженерлік жүйелерді сынау, атқарушылық техникалық құжаттаманы жүргізу және құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау рәсімдері қарастырылады.

Сонымен қатар мемлекеттік нормативтер мен бекітілген жобалық шешімдерден ауытқуларды анықтау, құрылыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік құрылыс инспекторларының құқықтары мен міндеттері, бақылау-қадағалау органдарының нұсқамаларын орындау және құрылыс жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талданады.


Нажмите на ссылку 09_дәріс_Құрылыс_процесін_мемлекеттік_реттеу_compressed (1).pdf, чтобы просмотреть файл.