Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

Бұл тақырып Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысатын субъектілердің құқықтық мәртебесін, олардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, кәсіби қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын құқықтық қатынастарды және заңнамалық талаптарды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түрлерін зерделеуге бағытталған.

Тақырып аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері ретінде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері қарастырылады. Олардың жобалау, құрылыс салу, жер учаскелерін пайдалану, нормативтік-құқықтық құжаттарды сақтау, құрылыс объектілерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету саласындағы құқықтық өкілеттіктері талданады.

Сонымен қатар сәулет және қала құрылысы туындыларына авторлық құқықтың пайда болуы, жүзеге асырылуы және қорғалуы, сәулетшілердің жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары, жобалық құжаттаманы пайдалану ерекшеліктері, авторлық және техникалық қадағалаудың құқықтық негіздері зерделенеді.

Ерекше назар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құқық бұзушылықтарға, мемлекеттік нормативтер мен құрылыс талаптарын сақтамаудың құқықтық салдарына, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік мәселелеріне аударылады. Құрылыс сапасының төмендігі, жобалау құжаттамасынан заңсыз ауытқу, рұқсат беру рәсімдерін бұзу, техникалық және авторлық қадағалауды тиісінше жүзеге асырмау жағдайлары қарастырылады.


Нажмите на ссылку 03_дәріс_Құқықтар_міндеттер_және_жауапкершілік(1)_compressed.pdf, чтобы просмотреть файл.