Кіріспе

КІРІСПЕ 

 

Станциялардағы автоматика, телемеханика және байланыстың құрылысы тасымалдар  тиімділігі  мен  қозғалыс  қауіпсіздігін  арттыру  міндетін  шешуде маңызды роль атқарады.  Автоматика,  телемеханика  және  байланыс  құралдары  темір  жол 

желілерінің  өткізу  және  тасымалдау  қабілетін,  пойыздар  қозғалысы қауіпсіздігін,  жұмысшылар  еңбегінің  өнімділігін  арттыруға,  сонымен  қатар темір  жол  жұмысының  экономикалық  көрсеткіштерін  жақсартып,  вагон айналымы  уақытын  қысқартуға  мүмкіндік  береді.  Пойыздар  қозғалысының қауіпсіздігін  аттыру  мен  жолдардың  өткізу  қабілетін  ұлғайту  үшін 

пайдаланылатын  техникалық  құралдар  көлемі  үнемі  өсіп  келеді. Станциялардағы  стрелкалар  мен  сигналдарды  басқаруға  арналған телемеханикалық жүйелер осындай құралдар болып табылады. 

Автоматика және телемеханика құрылғылары темір жолдарда пойыздар қозғалысының  ұйымдастырылуымен  қатар  пайда  болған.  Қозғалыстағы пойыздарға  түрлі  ақпараттарды  және  бұйрықтарды  берудегі  қажеттілік сигналдарды пайдалануға себеп болды. Алғашқы сигнал құрылғысы өткен ғасырдың 40-жылдары пайда болған семафор  болып  табылады.  50-жылдардан  бастап  түрлі  жолды  блоктау жүйелері енгізіле бастады, ал 80-жылдары электр таяқшалы жүйе қолданысқа 

енді. Стрелкалардың  механикалық  орталықтандыруы  өткен  ғасырдың  60-70 жылдары енгізіле бастады. Механикалық орталықтандыруда стрелкалар мен сигналдар иінтірек пен иілгіш тартым арқылы басқарылған. Сигнал берушіден стрелкаларды  бұру  кезінде  көп  күш  қажет  етілген,  сондықтан  посттардың әрекет ету радиусы шектеліп, жүйенің тиімділігі төмен болған. Содан кейін электр механикалық және электр ілмекті орталықтандыру пайда болды, онда стрелканы бұру үшін электр қуаты пайдаланылды. Сигнал берушілердің еңбегі механикаландырылды,  ал  посттардың  әрекет  ету  радиусы  ұлғайды.  Бірақ 

аппараттарда механикалық тұйықталулар сақталып қалды, сондықтан оларды пайдалану қолайсыз және ыңғайсыз болды.  

Ірі станциялар блоктау маршрутты-релелік орталықтандырумен (БМРО) жабдықталған.  Стрелкалар  мен  бағдаршамдардың  орталықтандырылған басқарымы  шағын  станцияларда  пайдаланылды.  Барлық  диспетчерлік учаскенің  (100—200  км)  шағын  станцияларының  стрелкалары  мен бағдаршамдарын басқаруға мүмкіндік беретін диспетчерлік орталықтандыру 

жүйесі кеңінен таралды. 

Стрелкалары мен бағдаршамдары орталық посттан 1,5-2 км қашықтықта орналасқан ірі станцияларға кабель шығынын 30-40%-ға азайтатын релелік-кодтық  орталықтандыру  енгізіледі.  Сұрыптау  дөңестерінде  пойыздарды бөлшектеу  және  құрастыру  процестерін  автоматтандыру  үшін  автоматты құрылғылар  кешені  пайдаланылады:  

маршруттарды  бағдарламалық 

басқаратын  блокты  дөңесті  автоматтандырылған  орталықтандыру  (БДАО); 

Дөңестен  сырғып  түскен  вагондар  жылдамдығын  автоматты  реттеу  (ЖАР), құрамды дөңеске жылжыту жылдамдығын автоматты түрде белгілеу (ЖАБ), 

дөңесті-бағдарламалық есте сақтау құрылғысы (ДБЕҚ). 

Көлік құралдарын пайдалану тиімділігін арттыру үшін жолдарда есептеу техникалары  пайдаланылады,  темір  жол  көлігін  басқарудың автоматтандырылған  жүйесі  жасалады  (ТКБАЖ).  Автоматика  мен телемеханика  құрылғыларының  жаңа  түрлерін  енгізу  және қолданыстағыларын  жетілдіру  темір  жол  көлігіндегі  тасымалдау  процесін кешенді автоматтандыру мен механикаландырудың негізі болып табылады. Курс  5В090100  «Тасымалдауды,  жүк  қозғалысын  ұйымдастыру 

және  көлікті  пайдалану»  мамандығы  бойынша  барлық  оқу  формаларында оқитын студенттерге арналған. 

Last modified: Sunday, 24 April 2022, 8:51 AM