Аралас геотехнология
ГЛОССАРИЙ
Тау-кен жұмыстары – Қазбаларды жүргізу, оларды ұстау және тау
жыныстарын өндіру бойынша жұмыстар.
Ескерту: «жерасты тау-кен жұмыстары» және «ашық тау-кен жұмыстары» деп
ажыратылады.
Кен орнын игеру (өндіру) – Кен орнын ашу, дайындау және қазып
алу бойынша жұмыстардың белгілі бір кезектілікпен орындалатын жиынтығы.
Ескерту: «жерасты игеру» және «ашық игеру» түрлері бар.
Кен орнын ашу – Жер бетінен кен орнына немесе оның бөлігіне шығу үшін қазбалар жүргізу және негізгі қазбаларды (жерасты жұмыстарда – штректерді, ашық жұмыстарда – көліктік қазбаларды) жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету процесі.
Шахталық алаң (шахталық өріс) – Белгілі бір шахтаға бөлінген кен орны немесе оның бөлігі.
Шахталық алаңның шекаралары – Шахталық алаңды созылымы мен құлау бағыты бойынша немесе кен орны горизонталь жатқан жағдайда ұзындығы мен ені бойынша шектейтін беттердің жиынтығы.
Капиталдық қазбалар – Шахталық алаңды немесе оның бір бөлігін ашуға арналған, сондай-ақ бүкіл игеру кезеңі бойында жер асты шаруашылығын қамтамасыз етуге арналған қазбалар (этаж, панель және т.б. бойынша).
Дайындық қазбалары – Пайдалы қазбаның қалыңдығында немесе оны қоршаған жыныстарда жүргізілетін, өндіру алаңдарын (өңірлерін) қалыптастыруға, сондай-ақ тасымалдау, желдету, су ағызу, дренаж және адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуге арналған қазбалар.
Тазарту (өндіру) қазбалары – Пайдалы қазба қалыңдығында және оны қоршаған бос жыныстардың бір бөлігінде жүргізілетін, тікелей пайдалы қазбаны өндіруге арналған қазбалар.
Тазарту жұмыстары – Пайдалы қазбаны өндіруге байланысты тазарту қазбаларында жүргізілетін жұмыстар.
Өндіру (добыча) – Белгілі бір уақыт аралығында жер қойнауынан алынған пайдалы қазбаның мөлшері.
Қазбаны жүргізу (өңдеу) – Тау-кен қазбасын жасау үшін жүргізілетін өндірістік процестердің жиынтығы.
Қазбаны ұстау (жөндеп тұру) – Қазбаны, оның тіреуін және ондағы жол құрылғыларын жарамды күйде сақтау мақсатындағы жұмыстардың жиынтығы.
Қазбаны жою (погашение) – Қазбаны ұстау мен пайдалануды тоқтату процесі.
Забойдың ілгерілеуі (қазбаның ілгерілеуі) – Белгілі бір уақыт ішінде қазбаның забойы (жұмыс фронты) жылжыған қашықтық.
Жоғалтулар (шығындар) – Кен орнын игеру кезінде жер қойнауынан алынбай қалған немесе бос жыныстармен бірге үйіндіге шығарылған, не тасымалдау кезінде жоғалған пайдалы қазба қорының бөлігі.
Жобалық жоғалтулар – Кен орнын немесе оның бір бөлігін игеру кезінде жер қойнауында қалдыру көзделген пайдалы қазба қорының техникалық жобада қарастырылған бөлігі.
Жоғалтулар коэффициенті – Жоғалған пайдалы қазба мөлшерінің оның бастапқы қорына қатынасы.
Араласып кету (разубоживание) – Өндіру процесінде пайдалы қазба құрамындағы пайдалы компоненттердің кен массивіндегі құрамымен салыстырғанда азаюы.
Араласып кету коэффициенті – Пайдалы компоненттердің кен құрамындағы төмендеу шамасының олардың бастапқы құрамына қатынасы.
Қорларды алу коэффициенті (извлечение) – Алынған пайдалы қазбаның мөлшерінің оның бастапқы қорына қатынасы.
Геотехнология – Пайдалы қазбаларды жер қойнауынан және су айдындарынан алу немесе оларды тікелей өндірмей пайдалануға арналған (мысалы, жер асты қуыстарын пайдалану) тау-кен ғылымдарының жиынтығы.
Геотехнология (технологиялық мағынада) – Жер қойнауын геологиялық емес, техногендік жолмен өзгертуді көздейтін тау-кен жұмыстарының технологиясы.
Комбинацияланған геотехнология – Тиісті контексте:
1. кен орындарын біріктіріп (комбинацияланған) игеру заңдылықтары мен принциптерін қамтитын тау-кен ғылымының бір саласы ретінде;
2. немесе жер қойнауын игеру технологиясы ретінде қарастырылады, ол физика-техникалық және физика-химиялық әдістердің үйлесіміне негізделеді.
Комбинацияланған технология – Біртұтас ашу және дайындау сұлбасы бойынша кен қорларын әртүрлі тәсілдермен игеру.