Глоссарий 2-бөлім


Қайта кристаллизациялық күйдіру – наклепті алу үшін арналған қыздыру, ол иілімді деформациямен жүзеге асқан.

Макрокернеулер (зоналық кернеулер, I текті кернеулер), бұл кернеулер сыртқы әсердердің болмауында дене көлемінде теңесетін кернеулер. Олардың пайда болуы әртүрлі техникалық операциялардың (құю, пісіру, қысумен өңдеу, термиялық өңдеу) өткізілуімен байланысты бола алады.

Қалдық кернеулер серпімділік модуліне және серпімді деформация шамасына пропорционалды. Бұл кернеулер микрокөлемде иілімділік деформациясын жүзеге асырғанда азаяды.

Изотермиялық күйдіру қарапайым толық күйдірумен салыстырғанда технологиялық процестің ұзақтығын ғана қысқартпайды, сонымен қатар бұйымның қимасы бойынша біртекті құрылымға әкеледі, сонда суытылған аустениттің диффузиялық құлауы суытудың бір деңгейде өтеді.

 Патенттеу дегеніміз – болатты сымның немесе лентаның Ас3 нүктесінен жоғары қыздыру және ~ 500 °С  температурасымен тұзды ваннада суыту.  Мұндай өңдеуге көбінесе құрамында 0,4 – 0,9 % С бар көміртекті болаттарды береді.

Нормализация дегеніміз - 50 – 60 °С температураға Ас3 нүктесінен жоғары, осы температурада ұстау мен ауада суыту. Нормализация кезінде фазалық қайта кристаллизациялау басталады, ферриттің дәндерінің ұсақталуы мен механикалық қасиеттердің жоғарылауы.



Browse the glossary using this index

Special | A | B | C | D | E | F | G | H | I | J | K | L | M | N | O | P | Q | R | S | T | U | V | W | X | Y | Z | ALL
No entries found in this section