Обзор глоссария по алфавиту
Специальные |
А |
Б |
В |
Г |
Д |
Е |
Ё |
Ж |
З |
И |
К |
Л |
М |
Н |
О |
П |
Р |
С |
Т |
У |
Ф |
Х |
Ц |
Ч |
Ш |
Щ |
Э |
Ю |
Я |
Все
Ғылым табиғат пен қоршаған ортаны зерттеу нәтижелерін жинақтап, түсіндіретін жүйелі іс-әрекет; мәдениет саласы, дүниетанымдық әдіс және өндіргіш күш.
|
|
Ғылым философиясы ғылымның табиғаты мен мәнін, ғылыми танымның құрылымы мен ерекшеліктерін, ғылымның даму заңдылықтарын және ғылым мен қоғамның қатынасын зерттейтін философиялық ілім.
|
|
Ғылыми таным ғылыми әдістер мен таным құралдарына сүйеніп, білім қалыптастыруға бағытталған адам қызметінің ерекше түрі.
|
|
Ғылыми әдіс ғылыми ақиқатқа жету үшін таным құралдарын ұйымдастыру тәсілі және танымдық қызметті реттейтін принциптер жүйесі.
|
|
Қозғалыс материяның сыртқы ғана емес, ішкі қасиеті әрі ажырамас бөлігі; объективті, мәңгі және абсолютті.
|
|
Қоғамдық сана адамдар өмір сүретін орта мен қоғамдық болмысқа байланысты қалыптасатын сана.
|
|
Әдіс әлемді зерттеу және түрлендіру, теориялық және практикалық қызмет құралдарын ұйымдастыру тәсілі.
|
|
Әлеуметтік болмыс жеке адамның қоғамдағы болмысы мен қоғамдық болмысты қамтитын форма.
|
|
Әлеуметтік философия қоғам мен әлеуметтік болмысты философиялық тұрғыдан қарастыратын сала.
|
|
Өзіндік сана адамның өзін ойлайтын, сезінетін және әрекет ететін субъект ретінде түсінуі.
|
|