Глоссарий


Обзор глоссария по алфавиту

Специальные | А | Б | В | Г | Д | Е | Ё | Ж | З | И | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Э | Ю | Я | Все

М

Мартин Хайдеггер

техниканы бейтарап құрал ғана емес, адам үшін қауіп тудыратын және қазіргі дәуірдің болмысын түсінуге мүмкіндік беретін құбылыс ретінде қарастырған философ.



Материализм

дүниенің алғашқы негізі материя деп есептейтін философиялық бағыт.



Материя

адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүретін, санада бейнеленетін объективті шындық.



Метафизика

дәрісте дүниенің түпнегіздері мен себептерін зерттеу ретінде түсіндірілген; әдіс ретінде заттар мен құбылыстарды байланыссыз, қозғалмайтын және ішкі қайшылықтары жоқ деп қарастырады.



Методология

қызмет әдістерінің заңдылықтарын, олардың шығу тегін, мәнін және тиімділігін зерттейтін философиялық ілім.



Мифология

әлемді және табиғат құбылыстарын аңыздарға негіздеп түсіндіретін дүниетаным түрі.



Монизм

дүниенің алғашқы негізі ретінде бір ғана бастаманы немесе субстанцияны мойындайтын философиялық ілім.