Глоссарий


Обзор глоссария по алфавиту

Специальные | А | Б | В | Г | Д | Е | Ё | Ж | З | И | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Э | Ю | Я | Все

Страница:  1  2  (Далее)
  Все

А

Абай Құнанбайұлы

дүниетанымында Жаратушы, дүние және адам категориялары онтологиялық негіз құрайды; дүниенің темірқазығы ретінде адамды қарастырған ойшыл.



Абсолютті ақиқат

зерттеліп отырған объект туралы толық әрі дәл білім.



Абсолюттік идея

Гегель ілімінде әлемдегі тіршіліктің алғашқы себебі, өзіндік санасы және жарату қабілеті бар әлемдік рух.



Абсолюттік рух

адамзаттың әлемдік таным тарихындағы рухани әрекеттері мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани құндылықтарының жиынтығы.



Агностицизм

дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім.



Адам болмысы

адамның заттар дүниесіндегі тіршілігін және адамға тән жеке өмір сүруін білдіретін болмыс формасы.



Аксиология

рухани құндылықтар туралы философиялық ілім.



Алвин Тоффлер

қоғам дамуын толқын қозғалысы ретінде қарастырған; қазіргі қоғам мен техникадағы жылдам өзгерістердің адамға ауыр тиюі мүмкін екенін атап көрсеткен ойшыл.



Антитехницизм

жаңа технологиялардың қаупіне байланысты үрей, қорқыныш пен сенімсіздікті білдіретін бағыт.



Антропология

адам туралы ілім.




Страница:  1  2  (Далее)
  Все