Алғы сөз

Алғы сөз

Философия пәні бойынша онлайн курсқа қош келдіңіздер!

Жоғары білім беру саласында еліміздің болашақ білімдері жан-жақты, әрі өзі өмір сүріп отырған қоғамның қырларын өзіндік ой-тұжырымдарымен қорытындылауда, өзіндік рефлексия негізінде ой-қарымы жетілген мамандарды, оны тек кәсіптік деңгейімен бірге рухани-адамгершіліктік және әлеуметтік тұлғасының да жоғары дәрежеде көрінуі бүгінгі күнде ерекше қажет. Осы тұрғыдан алғанда жоғарғы оқу орнының қабырғасында білім алушы студент жастардың өзіне, қоғамға, өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие дербес әрекет ететін субъект болып қалыптасуына жол салатын, таным-түсініктеріне әсер ететін философия ғылымының маңызы зор. Философия рөлі, орны бүгінде адамзаттық қоғамның аса маңызды құрамды бөлігі ғана емес, қоғам дамуын анықтауда, бағыт-бағдар көрсетуде, қоғамдағы процестерді талдауда өзекті күш-қуат болып табылатындығы сөзсіз. Жаһандану дәуірін бастан кешіп жатқан сәтте адамзат баласына, ең бастысы, рухани құндылықтар, адаммен-адамның өзара қарым-қатынасы, ұлы тұлғалардың рухани мұрасын игеруде, ұрпақтар сабақтастығының тәрбиелік мән-мазмұны зор мәдени нұсқаларды танытуда философия пәнінің орны ерекше. Ерте дүние тарихынан «даналыққа құштарлық» мағынасына ие болған бұл мирасқорлық танымы - жастар үшін жауапкершілікті іс. Қарапайым ой-түсініктен жол салып қазіргі жаһандану заманына жеткен ізгілік жөніндегі философия пәнінің мән-мазмұнын да сол уақыт лебіне орай күрделенуімен қатар, қоғамдағы  рөлі де білімді адам үшін жоғарылай бермек.



(There are no discussion topics yet in this forum)