Настройка зачисления на курс
Пән сипаттамасы: «Электрондық техника негіздері» пәні 6B07109 «Электр энергетикасы», 6В07102 «Кірістірілген цифрлық басқару жүйелері» білім беру бағдарламалары үшін (техникалық және кәсіптік білім алушылары үшін) модульдік білім беру бағдарламасының базалық пәндер циклына кіреді.
Пәннің мақсаты: «Электрондық техника негіздері» пәні энергетика және цифрлык басқару жүйелері саласында цифрлық және аналогты электрондық сұлбаларды қолдану бағыттары мен пайдалану параметрлерін, сипаттамаларын, жұмыс принциптерін меңгеру мақсатын алға қояды.
Пән міндеттері: заманға сай электрондық
компоненттер және олардың мүмкіндіктерін білу; заманға сай цифрлық және
аналогтық схемалардың әрекет ету принципін ұсыну; технологиялық бақылау мен
басқарудың типтік құралдарын іске асыруда цифрлық және аналогтық техниканы
таңдау; жартылай өткізгіш құрылғылардын құрылымын, ерекшеліктері мен негізгі
параметрлерімен қолдану білу, жасау; цифрлық және аналогтық техника базасында
технологиялық процестерді автоматтандырудың негізгі компоненттерінің құрамы мен
мақсаттарын есте сақтау, құрастыру; электронды схемаларды автоматты модельдеу
және жобалау әдістері мен құралдарын пайдалану; өнеркәсіптік электронды
құрылғыларды дұрыс пайдалану және қызмет көрсете білу, жаңа электронды
құралдарды әзірлеуге техникалық тапсырмаларды сауатты құрастыру.

- Учитель: Каршыга Смагулова