Тематический план
- Общее
Общее
Курстың аннотациясы
Металлургия — Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі салаларының бірі. Елімізде қара және түсті металлургияның ірі кәсіпорындары жұмыс істейді: болат, ферроқорытпалар, мыс, мырыш, қорғасын, алюминий, титан және асыл металдар өндіріледі. Осы салада жұмыс істейтін маман шикізатты дайындаудан бастап дайын металл өнімін алуға дейінгі технологиялық тізбекті жүйелі түрде түсінуі қажет.
Курс металлургиялық шикізаттың түрлерін, шихтаны дайындау әдістерін, металлургиялық процестердің физика-химиялық негіздерін, шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісінің технологиясын, негізгі түсті металдарды алу әдістерін, сондай-ақ металдарды қысыммен өңдеу негіздерін қарастырады. Металлургия өндірісінің экологиялық мәселелеріне, қалдықтарды өңдеуге және ресурс үнемдейтін технологияларға ерекше назар аударылады.
Курстың мақсаты
Білім алушыларда қара және түсті металдарды өндірудің негізгі технологиялық процестері, оларды жүзеге асыратын жабдықтар және металлургиялық өндірісті ұйымдастыру қағидаттары туралы жүйелі білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Курстың міндеттері
– металлургиялық шикізаттың түрлерін, қасиеттерін және оны балқытуға дайындау әдістерін меңгерту;
– металлургиялық процестердің физика-химиялық заңдылықтарын оқыту;
– шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісінің технологиясын және жабдықтарын оқыту;
– мыс, никель, қорғасын, мырыш, алюминий және асыл металдарды алу технологияларымен таныстыру;
– шихта мен материалдық баланс есептеулерін орындауға үйрету;
– металлургия өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін және ресурс үнемдеу жолдарын қарастыру.
- Факультет Металлургии и машиностроения
Ученая степень: доктор технических наук
Должность: профессор кафедры «Металлургия и новые материалы»
- Дәріс -1 «Кіріспе. Металдар мен қорытпалардың жіктелуі»
- Дәріс -2 «Қазақстандағы қара металдар өндірісінің күйі»
- Дәріс -3 «Қазақстандағы түсті металдар өндірісінің күйі»
- Дәріс -4 «Қорытпалар мен металдар өндірісіндегі негізгі материалдар және оларды балқытуға дайындау»
- Дәріс -5 « ШОЙЫН МЕТАЛЛУРГИЯСЫ»
- Дәріс -6 «ФАСК қорытпасы»
- Дәріс -7 «МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАРДЫ ҚҰЮ»
- Дәріс -8 «КОНВЕРТЕРДЕГІ БОЛАТ ӨНДІРІСІ»
- Дәріс -9 «ЭЛЕКТР ПЕШТЕРІНДЕГІ БОЛАТ ӨНДІРІСІ»
- Дәріс -10 «ФЕРРОҚОРЫТПАЛАР ӨНДІРІСІ»