Курстың аннотациясы
Ферроқорытпалар болат балқыту өндірісінде тотықсыздандырғыш және легирлеуші материал ретінде кеңінен қолданылады, сондықтан олардың өндірісі қара металлургияның маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан хром кенінің ірі қорларына ие және феррохром өндіруден әлемдегі жетекші елдердің бірі саналады. Елімізде ферросилиций, ферросиликомарганец және кешенді ферроқорытпалар да өндіріледі. Осыған байланысты ферроқорытпа өндірісінің технологиясын терең меңгерген мамандарға сұраныс жоғары.
Курс ферроқорытпалардың түрлерін, шикізат базасын, шихта материалдарын дайындау әдістерін, көміртекті, силикотермиялық және алюминотермиялық тотықсыздандыру процестерінің теориялық негіздерін қарастырады. Кенді-термиялық пештердің құрылысы мен жұмыс режимі, ферросилиций, феррохром, ферромарганец, силикомарганец және басқа да ферроқорытпаларды өндіру технологиялары, шлак режимі, өнім сапасын бақылау, шихта және баланс есептеулері, сондай-ақ өндірістің энергия тиімділігі мен экологиялық мәселелері оқытылады.
Курстың мақсаты
Білім алушыларда ферроқорытпаларды өндірудің теориялық негіздері, технологиялық процестері мен жабдықтары туралы жүйелі білімді, сондай-ақ шихта есебін жүргізу және технологиялық режимді таңдау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.
- Учитель: Асылбек Нурумгалиев