Студенттердің мәдениет туралы ғылыми-теориялық білімдерін қалыптастыру, әлемдік және ұлттық мәдениеттің тарихи даму заңдылықтарын түсіндіру, мәдени құндылықтарды талдау, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамыту және болашақ мамандардың мәдени дүниетанымы мен рухани-адамгершілік құзыреттілігін жетілдіру.
«Мәдениеттану» пәні мәдениеттің пайда болуын, қалыптасуын, құрылымын, қызметтерін және тарихи даму ерекшеліктерін зерттейді. Курс барысында мәдениеттанудың негізгі теориялары мен тұжырымдамалары, мәдениеттің типологиясы, мәдени код, рәміздер жүйесі, өркениет пен мәдениеттің өзара байланысы, әлемдік мәдениеттердің тарихи дамуы қарастырылады.
Пән аясында қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, ұлттық дүниетанымы, рухани мұрасы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, мәдени бірегейлігі және Қазақстан мәдениетінің тарихи даму кезеңдері жан-жақты талданады. Сонымен қатар жаһандану жағдайындағы мәдени үдерістер, мәдениетаралық диалог, ұлттық құндылықтарды сақтау, мәдени мұраны жаңғырту, бұқаралық және цифрлық мәдениеттің қазіргі қоғамдағы рөлі зерделенеді.
- Учитель: Ардак Абдрахманова