Өнеркәсіптік кәсіпорынның экономикасы курсы өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметін ұйымдастыру, басқару және олардың экономикалық тиімділігін талдау мәселелерін қарастырады. Курстың негізгі мақсаты – студенттерге кәсіпорын экономикасының теориялық негіздерін меңгертіп, өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану және экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру.Бұл курс 6В04107 «Өнеркәсіп экономикасы», 6В04108 «Есеп және аудит», 6В04110 «Өнеркәсіп салаларындағы маркетинг» білім беру бағдарламалары білім алушыларына арналған. Атап айтқанда, экономика, менеджмент, өндірісті ұйымдастыру және кәсіпкерлік саласында білім алатын студенттер үшін маңызды болып табылады. Оқыту барысында заманауи инновациялық білім беру технологиялары қолданылады, соның ішінде: интерактивті дәрістер, кейс-стади әдісі, топтық талқылаулар, онлайн платформалар арқылы оқыту, тестілеу және тәжірибелік тапсырмалар.

Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер:

·  кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдай алады;

·  өндіріс шығындарын есептеп, оңтайландыру жолдарын анықтайды;

·  рентабельділік пен пайда деңгейін бағалайды;

·  басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады.

Курс келесі форматта өткізіледі: видеодәрістер, презентациялар, практикалық сабақтар, тест тапсырмалары және өзіндік жұмыстар.

Осы курс өнеркәсіп саласындағы экономикалық процестерді терең түсінуге және кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған.