Ұсынылып отырған құралда ең маңызды органикалық химядағы синтездеудің заманауи әдістері қарастырылған. Әдістер теориясының негіздері баяндалады, аппаратуралық безендірулер сипатталады, практикалық қолдану мысалдары келтіріледі. Әдістердің қолдану салалары, артықшылықтары, шектеулері және кемшіліктері талқыланады. Аналитикалық белгі бойынша заттың сапалық және сандық құрамын және оның құрылысын анықтау тәсілдері келтірілген.
Оқытушының басшылығымен ұсынылған экспериментті жүйелі түрде орындау жас химик маманға органикалық қосылыстардың сапалы талдауын меңгеруге мүмкіндік береді, ал органикалық химядағы синтездеудің заманауи әдістердің негіздерімен танысу одан әрі ғылыми-зерттеу жұмысында спектралды параметрлерді сауатты пайдалануға үйретеді. «Органикалық синтездің заманауи әдістері» жоғарғы оқу орнындағы 7М07108 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша оқитын магистранттар үшін, сонымен қоса, 6В07110 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығындағы студенттері қолдануына болады.
Пәннің міндеттері
Берілген пәнді оқу нәтижесінде магистранттар міндетті:
- органикалық синтездің заманауи әдістері туралы түсінікке ие болу;
- органикалық қосылыстардың негізгі кластарының химиялық қасиеттерін, сондай-ақ органикалық қосылыстарды алудың, тазартудың және сәйкестендірудің негізгі әдістерін білу;
- органикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы маңызды химиялық ұғымдарды білу: номенклатура, изомерия, құрылым, физикалық және химиялық қасиеттер;
- зертханалық жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істей білу, ТБ ережелерін білу және қолдану, органикалық қосылыстарды синтездеуге арналған зертханалық қондырғыларды жинау;
- синтез жоспарын құру, синтез жүргізу үшін есептеулер жүргізу, синтез өнімдерін анықтау;
- эксперименттерді жоспарлау және жүргізу, нәтижелерді түсіндіру, есептеу және теориялық сипаттағы химиялық есептерді шешу.


- Teacher: А.А. Жорабек