Курстың мақсаты
Студенттерге Big Data технологиялары, деректерді сақтау мен өңдеудің таратылған жүйелері бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ заманауи ақпараттық жүйелердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын құжатқа бағытталған NoSQL ДҚБЖ - MongoDB-ті меңгерту.
Жоспар:
- Үлкен деректер (Big Data) және NoSQL технологияларына кіріспе
- MongoDB негіздері: дерекқор, коллекция және құжат.
- MongoDB-дегі CRUD операциялары.
- NoSQL деректерді модельдеу принциптері.
- MongoDB қауіпсіздігі.
Оқытудың күтілетін нәтижелері
Курсты аяқтағаннан кейін студент:
- Big Data және NoSQL қағидаттарын түсіндіре алады;
- үлкен деректерді сақтау құрылымдарын жобалай алады;
- деректерді өңдеу және талдау операцияларын орындай алады;
- MongoDB-пен базалық және орта деңгейде жұмыс істей алады;
- MongoDB-ті бағдарламалық жүйелерге біріктіре алады;
- деректерді сақтаудың масштабталуын және сенімділігін қамтамасыз ете алады.


- Учитель: Гүлжан Қазкен