Курстың мақсаты

Студенттерге Big Data технологиялары, деректерді сақтау мен өңдеудің таратылған жүйелері бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ заманауи ақпараттық жүйелердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын құжатқа бағытталған NoSQL ДҚБЖ - MongoDB-ті меңгерту.

Жоспар:

  1. Үлкен деректер (Big Data) және NoSQL технологияларына кіріспе
  2. MongoDB негіздері: дерекқор, коллекция және құжат.
  3. MongoDB-дегі CRUD операциялары.
  4. NoSQL деректерді модельдеу принциптері.
  5. MongoDB қауіпсіздігі.

Оқытудың күтілетін нәтижелері

Курсты аяқтағаннан кейін студент:

  • Big Data және NoSQL қағидаттарын түсіндіре алады;
  • үлкен деректерді сақтау құрылымдарын жобалай алады;
  • деректерді өңдеу және талдау операцияларын орындай алады;
  • MongoDB-пен базалық және орта деңгейде жұмыс істей алады;
  • MongoDB-ті бағдарламалық жүйелерге біріктіре алады;
  • деректерді сақтаудың масштабталуын және сенімділігін қамтамасыз ете алады.