«Ақпараттық жүйелердегі  деректер базасы» пәні ақпараттық жүйелерде мәліметтер базасын құрудың теориялық негіздерін, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерге қолданатын негізгі операцияларды, ақпараттық жүйелерде мәліметтерді өңдеу және іздеу әдістерін ұйымдастыруды, мәліметтерді суреттейтін және қимылға келтіретін құралдарды, мәліметтердің негізгі модельдерінің принциптерін құруды және олардың қазіргі кездегі мәліметтер базасын басқару жүйесінде қолдануды үйрену мақсатын қояды.

 Пәнннің міндеттері

Пәннің міндеттері келесідей:

-     деректер қорын жобалау және қызмет ету саласында пәндік саланы талдау әдістерін зерттеу;

-     пәндік сала модельдерін құру тәсілдерін; деректер қорын жобалау әдістемесін меңгеру;

-     пәндік саланың тағайындалуын талдау негізінде ДҚ-на қойылатын  талаптар ды әзірлеу.

 Курсты оқу нәтижелері

Осы пәнді оқығаннан кейін студент:

- адам қызметінің әртүрлі салаларында ақпараттық жүйелер мен технологияларды зерттеуді, әзірлеуді, енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді;

- ақпараттық жүйелер мен технологияларды әзірлеу үшін бағдарламалық интерфейсті, ДҚБЖ әзірлеу құралдарын қолданады;

- орындалатын іс-қимылдарды бақылауды жүзеге асырады және деректер базасының операцияларын талдайды;

- деректер базасын сүйемелдейді және басқарады;

- деректер базасын пайдалану нәтижелерін талдау негізінде аппараттық қамтамасыз етуді жаңғыртады;

- мәліметтер базасына сұраныстарды орындайды;

- деректер базасының сақтық көшірмесін жасау процедураларын әзірлейді;

- пайдаланушы топтарының дерекқорға қол жеткізу деңгейлерін басқарады;

- үшінші тараптың дерекқорға қол жеткізу бағдарламалық құралын орнатады;

- деректер базасын пайдалану кезінде туындайтын ақауларды жояды.