Термиялық өңдеу металлургияда, машинажасауда және тағы басқа эксплуатация қасиеттерін қажет ететін бағытта метал өнімдерінің қасиеттері мен құрылымдарын өзгерту үшін арналған өте қажетті кәсіптік кезеңдерінде кең қолданылады. Термиялық өңдеудің технологиялық процестерін жасау принциптері туралы, құрылымдарды қалыптастыру металдық негіздері және дайындамалардың қажетті қасиеттері мен металлургиялық және машинажасау мекемелеріндегі бөлшектер туралы түсінігі болу керек.. Металдар мен қорытпалардың химика-термиялық және термиялық технологиясы мен теория негіздерін; жылулық агрегаттарында қатты металдық денелердің қызуы мен суытылуы, ішкі кернеулердің көзі мен өңдеу кезіндегі бұйымдардың деформациясын; термиялық цехтердің жабдықтарының қазіргі заман конструкциясы, зертханалық қондырғылар мен бақылау үшін сынау машиналары, термиялық өңдеуден кейінгі өнімнің аттестациясы туралы білу керек. Техникалық бөлімшелердің өндірістік бағдарламасын есептеуді, бұйымдардың термиялық өңдеудің технологиялық процесін дайындауды, термиялық өңдеу режимдерін есептеуді, қажетті термиялық жабдықтарды таңдап, оның санын анықтауды; арнайы әдебиеттермен және анықтама материалдарымен жұмыс істеуді білу керек. Қыздыру пештері мен қондырғылардың, дайындамалардың, машиналардың бөлшектерін және металдық өнімдердің химика-термиялық және термиялық өңдеулерінің негізгі типтік режимдерін белгілеудің дағдыларын иелену керек.
- Teacher: Руслан Султангазиев