«Электр станциялары мен қосалқы станциялары» пәні базалық пәндер цикліне кіреді және 6В07109  –  «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының бакалаврлары үшін электр станциялары және қосалқы станцияларды жалғаудың электр сұлбалары мен электр жабдықтарын орнату саласындағы білім жүйесін қолдануға дайындығын қалыптастыратын таңдау компоненті болып табылады.

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды, электр станцияларының, қосалқы станциялардың құрылымдарын құруда, электр станцияларының, қосалқы станциялардың электр жабдықтарын жіктеуде негіз болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: электр станцияларының, қосалқы станциялардың электр жабдықтары,электр аппараттары, ток өткізгіш бөліктері, электр станцияларының, қосалқы станциялардың негізгі сұлбалары. Пәнді оқу студенттердің электр станцияларының, қосалқы станциялардың электр жабдықтарын жобалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.